Спорт – денсаулық кепілі. Сонымен қатар спорт әлем халықтарын біріктіреді. Аймағымыздан шыққан түрлі ойын түрлерінен жарыстарға қатысып, Олимпиада, әлемдік ойындарда көк туымызды желбіретіп жүрген сайыпқырандарымыз мыңдап саналады. Дегенмен көптеген спорт түрі жарақатсыз болмайды. Сол жағдайда олар қайда барады? Әрине, бұдан тура 2 жыл бұрын есігін қайтара ашқан облыстық Дәрігерлік-денешынықтыру диспансеріне қаралады.
Осы мекеменің басшысы Алшынбай Сұлтановпен диспанердің туған күні қарсаңында сұхбаттасқан едік.
– Алшынбай аға, өзіңіз басқарып отырған диспансер туралы айтып өтсеңіз.
– Облысымыздың Дәрігерлік-денешынықтыру диспансерінің қысқаша тарихына тоқталатын болсақ Кеңес Одағы кезінде үздік болып табылатын мекеме 1951 жылы ашылып, облысымыздың спортшыларын тереңдетілген тексерулерден өткізіп, сапалы медициналық көмек көрсеткен болатын. Өкінішке орай Кеңес Одағының таралуына байланысты 1996 жылы жабылып қалды.
Содан бері бірнеше жылдар спортшыларымыз емделу, қаралу үшін басқа аймақтарды ғана емес шетелді жағалап кетті.
Ақырында «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңын негізге ала отырып, 2023 жылғы қазанда облыс әкімшдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен қайта ашылып, қазіргі таңда өңіріміздің 10 мыңнан астам спортшысына тереңдетілген медициналық тексерулер өткізіп оңалту шараларын жүргізуде.
– Нақты қандай көмек көрсетесіздер?
– Дәрігерлік-денешнықтыру диспансерінің негізгі мақсаты: Қарағанды облысының спортшыларының денсаулық деңгейін көтеру негізінде озық дәстүрлі және зауанауи медициналық құрал-жабдықтарды қолдана отырып сапалы медициналық қызмет көрсету.
Мақсатымызға жету үшін диспансерімізде спорттық медицина, функциональдық диагностика және физиотерапия емдеу дене шынықтыру бөлімдері қызмет істеуде. Сонымен қатар клиникалық биохимиялық лаборатория бар.
Физиотерапия кабинеті – диспансердегі маңызды бөлімнің бірі. Бұлшық еті, сіңірі созылған немесе аяқ-қолы сынған спортшыларға осында ем-дом жүргізеді. Баяу қимылмен жаттығулар жасайды. Мұнда мамандандырылған әдіскерлер бар.
Бұған қоса көздің көру деңгейін анықтайтын құрылғылармен жабдықталған бөлме бар. Ультрадыбыстық аппаратпен қамтылған. Жүйкесі сыр берген спортшыларды да емдейді.
– Сіздерде қаралғаннан кейін жарыс жолына түспей қалатындар да бар ғой?
– Спортшыларымызды тереңдетілген медициналық тексеруден өткізгеннен соң, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, мамандар пациенттің денсаулығы туралы мәліметті ала отырып оған спортпен айналысуға болатын немесе болмайтыны туралы қорытынды жасайды. Жарақат алған және денсаулығы бойынша ауытқулары бар спортшыларды мамандандырылған медициналық мекемелерге консультацияға жібереміз. Қажет деген спортшыларымызға диспансерде емдеу-оңалту шараларынжүргіземіз.
Дәрігерлік-денешынықтыру диспансерінің жұмысына статистикалық сараптама жүргізетін болсақ 2024 жылы тереңдетілген медициналық бақылауға 3320 спортшы екі рет жіберіліп, оның 35-і әртүрлі ауруларына байланысты жарыстарға барудан шеттетілді, ал 623-сы шартты түрде жіберілді. 2025 жылдың 9-айлық қорытындысына сараптама жүргізсек, 3046 тереңдетілген медициналық бақылау жүргізіліп, ауруларына байланысты 32 спортшыға ойындарға қатыспау керек деген диагноз қойылды, ал 258- шартты түрде жіберілді.
– Мекемелеріңіздегі медициналық кадрлар туралы айта кетсеңіз? Қанша қызметкер жұмыс істейді?
– Диспансерімізде 72% медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Оның 78% — жоғарғы, бірінші санаттағы мамандандырылған дәрігерлер мен 61%- орта буындағы медицина қызметкерлері спортшыларымызға тереңдетілген медициналық тексерулермен оңалту шараларын көрсетуде.
Біз бүгінгі заман ағымына ілесе отырып, сіздермен біздер Қазақстанымыздың туын желбірететін, елімізді әлемге мойындаттыратын дені сау спортшыларды дайындауға бірлесіп ат салысуымыз керек.
Сол мақсатта диспансеріміз ғылыми негіздегі Ынтымақтастық келісім аясында Қарағанды мемлекеттік университетінің дене-шынықтыру және спорт факультетімен және ҚМУ- мен бірлесе отырып тәжірибелік семинарлар өткізудеміз.
Ашылғанына екі жыл ғана болған екен. Облысымыздың әр ауылынан, қаласынан келеді ғой. Дегенмен, елімізде басқа облыстарда да жабылып қалған бұл мекеме жаңғырды ма?
Қазіргі таңда Республикамызда қанша Дәрігерлік дене-шынықтыру диспансері жұмыс істейді?
– Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында 9 Дәрігерлік дене-шынықтыру диспансері, 3- қалалық, 3- спорттық бөлімдерде жұмыс істеуде.
Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоқ.
Тиісінше, аталған өңірлердегі жоғары білікті спортшыларға, ұлттық және облыстық ұлттық спорт құрамаларының мүшелеріне медициналық көмекпен, тереңдетілге медициналық бақылау олардың тұрғылықты жерлері бойынша емханаларда жүргізіледі.
– Бүгінгі таңда диспансерде қандай медициналық жабдық бар?
– Диспансеріміз толығымен спортшыларға қажетті қазіргі заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.
– Сіздердің пациенттеріңіз кімдер?
– Біздің негізгі пациенттеріміз 3-4 жылдан асқан оқу жаттығу топтарындағы және жоғарғы спорттық шеберлік топтарындағы спорттық жетістіктері бар облысымыздың сайыпқырандары.
– Диспансерге жолдама қалай жүзеге асады?
– Спортшылардың негізгі тізімін Облыстық дене-шынықтыру және спорт басқармасы бекітіп жібереді.
Біздің жылдық жұмыс кестеміз тамыз айында басталып, маусым айында аяқталады.
– Мереке құтты болсын! Сұқбатыңызға рахмет!
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ