Ғалым ғибраты

Мерейтой қарсаңында менің көз алдыма сол 90 жылдар келеді. Жас маман ретінде Орталық Қазақстан Ғылым академиясының бөліміне келдім. Мені жүзі шырайлы, үнемі ағалық ақылын айтатын Әбекең қарсы алды. Ол кезде заман қиындығы осы бөлімде бір өзім мекемеде зерттеуші этнограф болып қабылдандым. Міне содан бері отыз бес жыл өте шықты. Осы уақытта басқа маман болсам да, ағамыздың қамқорлығын әрқашан көріп келемін.

Әбілда Әмірханұлы Әлімбаев 1935 жылдың 29 желтоқсанында Карағанды қаласында туған. 1943 жылы №2 қазақ орта мектеп-интернатына оқуға түсіп, 1953 жылы оны табысты аяқтайды. Мектепте ол барлық пәннен өте жақсы білім алады. Окушылардың арасында ол өзінің физикалык-математикалық дайындық деңгейімен ерекшеленеді. 1953 жылы Қарағанды каласында Қарағанды кен институты ашылады. Осы жылы ол «Пайдалы казбалардың кен орындарын өңдеу» мамандығы бойынша кен институтына түседі.

Институтты аяқтаған соң жас маманды Қарағанды көмір алабына жұмысқа жіберілді.  Кен инженері ретінде үзіліссіз алты жыл бойы, 1958-1965 жж., қазып алу үлескілері бар №17-бис және 23 (Қ.Байжанов ат.) шахталарда көмір забойларының кеншілерімен бірге жұмыс істеді, тоқтаусыз көмір қазып, елін көмірмен қамтамасыз етуге көп үлес қосты.

Өмір жолында кен орындарында ауыр жұмыстардарды атқара жүріп ғылым жолын да ұмытпады.

1969 жылы  Қазақ КСР Ғылым академиясының   Экономика институтының ізденушісі болып тіркелді және экономика ғылымының докторы, профессор О.Б.Баймұратовтың жетекшілігімен «Тазалау жұмыстарын кешендік механизациялаудың тиімділігін көтеру сұрақтары (Қарағанды көмір бассейні мысалында)» тақырыбында диссертациялық жұмыс орындайды, ол жұмысты 1975 жылы қорғайды.  Ол алғаш рет саланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып көмір өнеркәсібінде жаңа техниканы енгізудің экономикалық бағалауының әдістемелік негізін әзірлеген, және де бұл жерде басты көңіл тиімділіктің сала аралық мәселереліне аударылған. Қарағанды бассейнінің көмір шахталарында механикаландырылган кешендерді тиімді пайдаланудың экономика-математикалык моделі ұсынылған. Сонымен, көмір өнеркәсібінде жас ғалымның ғылыми-техникалык үдерістің және оның тиімділігінің өзекті мәселелерінің біріне жол ашылды, ол елдегі ғылыми жұмыстың басты бағыттарының бірі болды.

1975-1981 жылдары ғылыми-білім беру қызметі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ байланысты болды, онда ол аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Университетте ол үлкен жемісті ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмысты жүргізеді. Оған тән күшпен кайсарлықпен, ол ғылыми зерттеулердің корытындыларын республикада, сонымен қатар шетелдерде кеңінен жарыққа шығарады. «Өнеркәсіптік өндірістің ғылыми техникалық прогрессінің экономикалық мәселелері» Бүкілодақтық конференциясында (Ленинград каласы); «Сібірдің өндірістік күштерін дамыту» Бүкілодактық конференциясында (Новосібір каласы); «Өнеркәсіптік өнімнің сапасын көтеру мәселесі» Бүкілодақтык ғылыми конференциясында (Харьков қаласы) баяндама жасайды және белсене қатысады. Бұл конференциялардың жұмыстарында елдің алдыңғы қатарлы экономистері және КСРО ҒА, министрліктердің жэне ведомствалардың өкілдері катысты. Профессор Ә.Ә.Әлімбаев ғалым- экономисттердің  ішінде бірінші болып Ленинград қаласындағы Бүкілодақтық конференцияда экономиканың жаңа бағыты – жаңа техниканың әлеуметтік тиімділігі туралы баяндама жасады.

1981 жылы партиялық-кеңестік органдардын ұсынысы бойынша Ә.Ә.Әлімбаев қайта құрылған ҚазКСР ҒА Экономика институтының Қарағанды бөліміне басшы ретінде жаңа жұмысқа жіберіледі. 1981 жылдан бастап Ә.Ә.Әлімбаевтің барлық көпжақты, жемісті ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі республиканың ғылым Академиясына ауысумен байланысты болды. 1981-1990 жылдары Ә.Ә.Әлімбаев басқарған Бөлім ұжымымен, қазіргі кезге дейін өзектілігін жоғалтпаған Қазақстанның отын-энергетикалык ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірнеше ірі мәселелер көтерілген және әзірленген. Оның жұмыстарында халық шаруашылығында өндірісті қарқындандырудың жаңа мағыналы резервтері, оларды белсендендіру әдістері көрсетілген және ғылыми дәйектелген. Осы кезеңде, зерттеулер қорытындылары бойынша ол оншақты ірі ғылыми жұмыстар жарыққа шығарған. Олардың арасында:  «Қазақстанның отын-энергетикалык ресурсарын пайдалану тиімділігі» (1986ж.), «Отын-энергетикалық ресурстарды пайдалануды қарқындандыру» (1989 ж.). Ә.Ә.Әлімбаевтің ғылыми қызметіндегі орталық орынды ғылыми-техникалық үдерістің элеуметтік-экономикалық тиімділігі туралы зерттеулер алады. 1986 жылы Ә.Ә.Әлімбаев 08.00.26 «Экономика, ғылыми-техникалық үдерісті басқаруды жоспарлау «Ғылыми-техникапык үдерістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеру мәселелері (теориялык жэне методологиялык аспектілері)» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын жемісті қорғайды. Ол жоғарыда айтылған мамандық бойынша Қазакстандағы бірінші экономика ғылымдарының докторы болады. Ә.Ә.Әлімбаевқа оның ғылыми кеңесшісі ҚР ҰҒА академигі О.Б.Баймұратов үлкен көмек және қолдау көрсетті. Алынған нәтижелердің ғылыми қағидалық жаңашылдығы олардағы әлеуметтік бағыттылықтың жаңа мәнде – басымдылықтардың жаңа иерархиялык аспектісінде тұр.

Негізгі зерттеулерді дамыту мен шоғырландыру мақсатында Орталық Қазақстан үшін ең өзекті экономика, социалогия, философия мәселелері және басқа қоғамдық ғылымдарға Қазақ КСР ҒА Президиумы жарлығы бойынша 1989 жылы Қазақ КСР ҒА Экономика институты құрылымында ҚазКСР ҒА Орталық Қазақстан бөлімінің қоғамдық ғылымдар бойынша Орталығы құрылады. Орталық жетекшісі болып Ә.Ә.Әлімбаев тағайындалды. Ә.Ә.Әлімбаевтің арқасында Қоғамдық ғылым орталығы құрылды және орталықтың ғылыми әлеуеті күшейтілді. Орталық экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін тағайындау бойынша диссертациялық кеңестің аймақтық базасы болды. Ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарындағы үлкен тәжірибеге сүйене және ғылыми зерттеулер деңгейін көтеруге ұмтылуда жетекшілік етіп, Институтта Әбілда Әмірханұлы өзінің қызметін олардың тәжірибелік мәнін мына негізгі әдістерді шешуге шоғырландырды: зерттеу тақырыбының өзектілігі және Институт құрылымын жетілдіру, ғылыми зерттеулердің сапасын көтеру және олардың нәтижесін талап ету, республика үшін ғылыми кадрларды дайындауда жас ғалымдардың қатарының өсу негізінде жұмысшылардың жалпы сандары шартында негізгі кадрлар әлеуетін сақтау.

20 жылға созылған Институттың құрылу жылдарында болашақ жоғары маманды кадрлардың үлкен бөлігі тәрбиеленіп шықты. Олардың ішінде ірі мемлекет қызметкерлері, институт директорлары, профессорлар, ғылым докторлары – С.Н.Ахметов, Р.Е.Елемісов, Б.А.Ахметжанов, С.Н.Алпысбаева, В.Н.Лазарев, Т.П.Притворова, З.А.Сальжанова, Г.Р.Темірбаева, Б.Қ.Қасенов, А.В.Майсюк, Н.А.Усачева, Т.Ш.Шонбаев, Т.Т.Мұқашев, И.Ф.Чиркалин, Т.К. Қадамбаев. Қарағанды облысында ҚазКСР ҒА аймақтық экономикалық ғылымды басқара отырып, Ә.Ә.Әлімбаев әрқашан оның шығармашылық және қызметте өсуінде түрлі нысанда әрекеттес болған, демеушілік көрсеткен қызметкерлерге алғыс білдіреді.

Ә.Ә.Әлімбаев осы жылдар ішінде Бюро бөлімшесімен және ҚазКСР ҒА ОҮБ жетекшілігімен бөлімше төрағасы академик З.М.Молдахметовпен жылы қатынаста болды. Сонымен бірге ҚР ҰҒА бюро бөлімшесінің академиктері А.С.Сағыновпен, Е.А.Бөкетовпен, М.Ж.Жұрыновпен, Г.К.Құлқыбаевпен, С.М.Адекеновпен, Ж.Н.Әбішевпен, П.В.Ермековпен, П.В.Еромоловпен, осымен қатар аймақтың алдыңғы қатарлы ғалымдары Т.Ә.Әбдіразақовпен. Е.Б.Аймағамбетовпен, С.К.Досмағанбетовпен жақсы қарым-қатынастар орнады.

Нарықтық қатынастардың мәселелерін зерттеу қорытындылары Ә.Ә.Әлімбаевтің авторлығымен және ғылыми жетекшілігімен бірнеше ірі монографияларда жарияланған. Олардың арасында:«Аймақтық нарық: дамуының кұрылуының заңдылықтары»; «Қазақстанда әлеуметтік-бағдарланған экономиканың моделінің кұрылуы (аймақтық аспект)»; «Нарықтық экономиканы баскару теориясы»; «Өнеркәсіпте ақпараттық басқару жүйесінің кұрылуы және дамуы: кешендік реинжирингтік концепция». Ә.Ә.Әлімбаев жетекшілігмен авторлар ұжымымен жазылған екі томдық «Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйе» монографиясы жарық көрді. Онда аймақтық әлеуметтік-экономикалық моделдің теориялық дәйектемесіне мағыналы орын берілген.

Ә.Ә.Әлімбаев әлем экономикасында алдыңғы қатарға шыққан және мемлекет сияқты жеке аймақтардың да бәсеке қабілеттілік өсімін алдын-ала анықтайтын экономика дамуының кластерлері үлгісі жемісті зерттелуде. Бұл мәселеге келесі мақалалар мен баяндамалар арналған: «Кластерлер дамуынын стратегиясын таңдаудың әдістемелік тұрғысы», «Қазақастан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кластер рөлін күшейтудің алғышарттары», «Аймақтық экономика дамуының кластерлік үлгісін калыптастырудың теориялық негіздері» және т.б. Оның барлық жұмысы жаңашылдықпен, теориялық негізбен және тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленеді.

Ғылыми-зерттеу мекемесінің жетекшісі ретінде Ә.Ә.Әлімбаев Министрліктермен, Халықаралык еңбек ұйымымен (ХЕҰ), БҰҰ даму бағдарламаларымен және аймақ әкімшіліктерімен серіктестікті кеңейтеді. Бұл серіктестіктің аясында Институт ұжымы бірнеше зерттеу жүргізді: Халықаралық еңбек ұйымының жобасы «Жастар еңбек нарығында: білім, жұмыс бастылық, табыс, өмірлік кұндылықтар», 2006 ж.; «Кедейшілік және инфрақұрылым. Халықтың тұрғын үй жағдайы; халықты ауызсумен қамтамасыз етілуі; білім, денсаулық сақтау, көлік және байланыс», 2006 ж.; «Аймақтық кедейшіліктің әлеуметтік-демографиялық және экономикалық факторлары: демографиялық жағдайды талдау; экономикалық өсімнің халықтың жұмысбастылығына және табысына әсері, әлеуметтік шығындар», 2006 ж.; «Қазақстан Республикасында өмір сүру минимумын есептеуді жетілдіру әдістемесі», 2007 ж.; Аймақтық даму ҒЗИ ұжымы профессор Ә.Ә.Әлімбаев жетекшілігімен бірнеше зерттеу және қолданбалы төңдеулер орындаған, оларға келесілер жатады:

«Қарағанды облысының 2015 жылға дейінгі аумактык даму стратегиясы», 2006 ж.;«2030 жылға дейінгі өндірістік күштерді орнықтыру және халықты орналастыру болашағының көзқарасынан Қарағанды облысының экономикалык әлуетін бағалау», 2008 ж.; «Еңбек ресурстарына сұранысты зерттеу және болжау», 2008 ж.; «Дағдарыстан кейінгі кезеңде облыс экономикасын дамытуды, өндірістік күштерді орнықтыруды, экономикалық әлеуетті бағалауды ескере отырып 2020 жылға дейін Қарағанды облысының дамуының стратегиялық жоспары», 2009 ж.; «Қарағанды облысының өнеркәсібінің базалық салаларының даму концепцияларын әзірлеу», 2010 ж.; бұл зерттеулерде Қарағанды облысының әлемдік, аймақтық және ұлттык экономикадағы орны мен ролі анықталған, 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімдік кезеңге даму басымдылықтары ашылып көрсетілген, аймақтың экономикалық дамуының тұрақтылығын көтеруге, оның инвестициялық және әлеуметтік қызығушылықтарын өсіруге, аймақта экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеуге кешендік тәсілдемені камтамасыз етуге бағытталған шаралар және тетіктер жүйесі әзірленген.

Ә.Ә.Әлімбаев экономикапык кадрларды дайындау ісіне үлкен үлес қосқан. 20 жылдан астам уақыт Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі Қарағанды экономикалық университетінде оқытушылық қызмет атқарады. Профессор Ә.Ә.Әлімбаевтің жетекшілігімен және редакциясында көптеген оқулық, оқу-әдістемелік құралдары дайындалған. Көптеген жыл аралығында (1988-2000 жж) докторлық және кандидаттық диссертацияны қорғау бойынша Қазақстанның ҒА Экономика Институтында диссертациялық кеңестің мүшесі болды. Ғалым Әбекең отандық және шетелдік басылымдарда 350-ден астам ғылыми еңбегі жарыққа шықты. Ол 30-дан астам монографиялық жұмыстардың авторы.

Әбекең өмірінде қиындық кезеңдер де болды. Ол отбасында ағасы Тоғай және інісі Әбілманаттың, жан жары Гүлнәр Мұқанқызы, қызы Маралдың өмірден өтуі оңайға түскен жоқ. Бұл ғалымдар отбасы болды. Інісі Әбілманат пен Торғай ғылым докторлары қандай мақтаныш, мәртебе. Гүлнар жеңгемізбен бірге қыздары Зауре мен Мараға үлкен тәрбие берді. Немерелері Маулен, Айнұр, Сакен де аталарын мақтан тұтады. Зауре әке жолын қуған беделді экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Маулен Лондоннның музыка академиясын тәмамдаған. Балалары – Алан мен Сара Лондонда тұрады. Сәкеннің балалары Арлан және Аружан Астанада тұрады.

Ғалым еліміздің игілігі үшін  экономика ғылымының дамуына жүзеге асуына қазіргі 90 жылдық мерейтойы қарсаңында шығармашылық әулетке ие.

Темірғали АРШАБЕКОВ,

Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы