Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Достық үйінде «Қарағанды көктемі» фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Шара басында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің құттықтау сөзін жеткізді.
«Қарағанды көктемі» фейстивалінің мақсаты — аға буын мен жас буын арасында рухани байланыс орнату. Аймақтың рухани әлеуетін арттыру. Тоқсан жылдық тарихы бар Қарағанды қаласының имиджіне оң ықпал ету, руханиятына серпін беру. Бұл шара аясында әдебиеттің бүгіні мен ертеңі, креативті экономикадағы әдебиеттің мүмкіндігі жан-жақты талқыланбақ.
Фестивалдің қонақтары: Ұлықбек Есдәулет, Серік Ақсұңқарұлы, Сұраған Рахмет, Қасымхан Бегман, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржан, Гүлнәр Салықбай, Маралтай Райымбек, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әсербек және тағы басқа да елімізге танымал ақындар.