«Архив 2025» бағдарламасы Қазақстандағы тарихи құжаттарды сақтау және оларға қолжетілімділікті арттыру мақсатында іске қосылған маңызды бастама болып табылады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстанның тарихи мұрасын сақтап, оны ғылыми зерттеулер мен оқыту үшін қолжетімді ету. Бағдарламаның арқасында:
- Қазақстан тарихы туралы толық және сенімді ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі артады.
- Ғылыми зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.
- Тарихи сананы қалыптастыруға және патриоттық сезімді арттыруға ықпал етеді.
- Мемлекеттің имиджін халықаралық аренада көтеруге ықпал етеді.
Архивтер – ұлттық мұраны сақтаудың және тарихты зерттеудің негізгі тірегі. Олар мемлекеттік, қоғамдық және жеке тұлғалардың өткені туралы мәліметтерді жинақтап, сақтайды. Мемлекеттік архивтердің жұмысын тиімді ету және олардың құжаттарын келешек ұрпаққа жеткізу – маңызды мемлекеттік міндет. «Құжатсыз архив жоқ, архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деп сол себепті айтамыз. Өңірімізде дүрілдеп тұрған институттар мен үлкен кәсіпорындар, жоғары оқу орындарының құжаттарын архив қызметкерлері солай сақтап қалған. Біздің архив ғылыми-техникалық құжаттарды сақтайтын Республика бойынша 2 ірі архивтердің біреуі болып саналады. «Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» КММ-нің қызметкерлері архив құжаттарын толықтырып, оны қызмет алушыларға жеткізу жолында адал қызмет атқаруда.
Архивтік анықтама – бұл тарихты зерттеудің, құжаттарды талдаудың және ақпаратты іздеудің маңызды құралы. Ол тек тарихшылар мен зерттеушілер үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген адам үшін өз тарихын, отбасы тарихын зерттеуге, заңдық мәселелерді шешуге немесе кәсіби мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Архивтік анықтаманың негізгі мақсаты – сақталған құжаттардың ішінен қажетті ақпаратты табу және оны тиімді пайдалану.
Архивтік анықтаманың маңыздылығы:
Тарихтың дәлдігін қамтамасыз етеді: Архивтік құжаттар – тарихты зерттеудің негізгі көздері.
Заңдық негіздерді нығайтады: Заңдық дауларды шешуде архивтік құжаттар маңызды дәлел бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қолдайды: Әр түрлі ғылыми салаларда архивтік анықтама зерттеулердің сенімділігін арттырады.
Әлеуметтік-мәдени мұраны сақтайды: Архивтік құжаттар ұлттық және әлемдік мәдени мұраның маңызды бөлігі болып табылады.
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сай, архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат.
Мемлекеттік қызметке жүгіну тәсілдері:
Қажетті анықтаманы алу үшін төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады:
Жеке барып: Қызмет көрсетуші ұйымдардың кеңселеріне тікелей бару арқылы.
«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы өтініш беруге болады.
Электрондық үкімет порталы арқылы (egov.kz): Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігі бар.
Заман талабына сай қәзіргі таңда мемлекеттік қызмет алуда жеңілдеген, бұрынғыдай архивтерге бармай-ақ үйден отырып онлайн түрде сұрау жасай алады. Бастысы әр азаматта электронды цифрлық қолтаңба болса болғаны. Егов.кз порталы арқылы қызмет алушыға тікелей сұрау жолдай алады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар:
Қызмет көрсетуші: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынатын тиісті архивтер.
Қызмет көрсету мерзімі: 11 жұмыс күн ішінде.
Қызмет көрсету нысаны: Электронды немесе қағаз түрінде.
Қызмет көрсету нәтижесі: Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету: тегін.
Жұмыс уақыты: Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін кеңсе арқылы беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, Egov.kz порталы тәулік бойы қолжетімді.
Қажетті құжаттар:
Өтініш беру үшін 1-қосымшада (нысан бойынша қосымша) көрсетілген нысан бойынша өтініш және сұраныс негізін растайтын құжаттардың көшірмелері қажет. Электрондық түрде жүгінгенде электрондық қолтаңба міндетті.
Айдана НҰРБАЙ,
«Қарағанды облысының
ғылыми-техникалық құжаттама
жөніндегі мемлекеттік архиві»
КММ-нің бөлім басшысы