ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

«Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деген мақалдың мағынасы: қарт адамдар — отбасының байлығы, ақылшысы мен берекесі.
Қариялар өмірлік тәжірибесімен, ақыл-кеңесімен кейінгі ұрпаққа жол көрсетеді. Олардың батасы мен өнегесі — отбасы үшін үлкен қазына. «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының ардагері Дедов Анатолий Никонорович. Жалпы еңбек өтілімі 69 жыл, соның ішінде ғылыми-педагогикалық еңбек өтілімі 31 жыл. «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, студенттерге білім берді. Білім берумен қатар өмірлік тәжірибелерін айта отырып, тәрбиелік жұмыстыда жүргізіп отырды. «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының профессоры, 110 астам ғылыми еңбектері жарық көрген, соның ішінде 20-дан астам авторлық құқығы, патенті бар, оқу құралдары бар. Анатолий Никонорович әрбір сабағын тартымды, маңызды, қызықты қылып өткізетін. «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының студенттерімен кездесу өткізіп, өмірлік ұстанымдарымен, тәжірибелерімен бөлісті.
Қазіргі заманда да қарттарды қадірлеу — өз маңызын жоғалтпаған құндылық. Өйткені үлкенді сыйлау — ұлттық тәрбиенің негізі. Қариясын құрметтеген елдің ұрпағы өнегелі, болашағы жарқын болады.
Қорытындылай келе, қариялар — халқымыздың баға жетпес қазынасы. Олардың ақылын тыңдап, батасын алып, өнегесін бойымызға сіңіруіміз керек. Қариясын ардақтаған отбасының шаңырағы биік, керегесі кең болады. Ендеше, үлкенді сыйлап, қарттарды құрметтеу — баршамыздың қасиетті борышымыз. Қариясын құрметтеген үйдің берекесі артып, ұрпағы өнегелі болады.

Ботакөз ИСИНА
Ақбөпе КЕНЖЕКЕЕВА
Саягул АБДЫҒАЛИЕВА

Әбілқас Сағынов атындағы
Қарағанды техникалық университеті
«Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы