Қарағанды-Сұрыптау станциясында теміржол нысандарын таза ұстауға бағытталған рейдтік іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан теміржол өкілдерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – теміржол нысандарының санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Рейд барысында теміржол вокзалы мен оған іргелес аумақтарда тазалық талаптарының сақталуына назар аударылып, ғимараттар мен нысандардың қабырғаларына рұқсатсыз жазулар жазу, граффити салу және қоғамдық мүлікті бүлдіру секілді құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Көлік сақшылары бұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының 434 бабы 4 бөлігі «Ұсақ бұзақылық» жауаптылық қарастырылғанын және 50 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салу немесе бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көзделетіндігін еске салады.
Граффити салу немесе қоғамдық орындардың қабырғаларын бүлдіру – жай ғана эстетикалық мәселе емес. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіріп, ортақ мүлікке зиян келтіреді. Сондықтан әрбір азаматтың қоғамдық орындарда ұқыптылықпен қарап, тазалықты сақтауы маңызды.
Таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады.
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, теміржол нысандарына ұқыпты қарауға және қоршаған ортаның тазалығына үлес қосуға шақырады.
Қарағанды-Сұрыптау ст .КПБ АСт инспекторы
полиция майоры Ж.Садуакасова
