М.О.Әуезов атындағы кітапханада Алаш қозғалысының жетекшісі, көрнекті ғалым әрі публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған «Азаттықты аңсаған алып тұлға» атты тағылымды кездесу өтті.
Үш танымдық бағытта ұйымдастырылған шараны «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», ардагер ұстаз Тілеуғалы Әміртайұлы жүргізді.
Кеш барысында оқушылар «Әлихан данамен сырласу» поэмасынан жүрекжарды үзінділер оқыды, кеш қонақтарына арнайы видеороликтер мен мазмұнды слайдтар көрсетілді.
С.Жанысбай, Т.Ахметбеков, Б.Әмірова, Г.Есентаева, Ә.Белгібайұлы, Е.Нарын, Б.Тынбаев, Н.Еркебұлан, А.Смағұлов және басқа да қонақтар Ә.Бөкейхан жайлы естеліктерімен бөлісті.
Бір адамның ғұмырына үңіле отырып, тұтас бір дәуірдің тынысын айқын сезінген оқушылар қазақ халқының азаттыққа, елдікке ұмтылған күрделі кезеңінің куәсі болды.
Мазмұнды өткен кештің мақсаты ұлт азаттығы жолында күрескен Алаш арыстарының өнегелі өмірі бүгінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі екендігін паш ету еді. Ол мақсат толығымен орындалды.
Аңғар СМАҒҰЛ
