Бір уақытта орындалған күй

Қарағанды облысындағы республикалық домбырашылар челленджіне 11 мыңнан астам оқушы қатысты. Олар бір уақытта атақты композиторлардың күйлерін орындады.

Наурыз мейрамына арналған челлендж бір уақытта еліміздің барлық мектебі мен қосымша білім беру орталығында өтті. Қарағанды облысында №2 оқушылар сарайы орталық өткізу пункті болып таңдалды. Сондай-ақ, ансамбльдер өңірдің оқу орындарында өнер көрсетті.

– Мұндай шаралар өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Олар рухани-адамгершілік мәдениетті, эстетикалық, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, домбыраны дәріптеу үшін ұйымдастырылған. Біздің сарайдан челленджге «Ата толғауы» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты, сондай-ақ оларға Қ.Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің домбырашылары қосылды. 50-ге жуық жас күйші «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады, – дейді №2 Оқушылар сарайының директоры Шариза Алтынбекова.

Сондай-ақ, челлендж қатысушылары «Тепен көк», Н.Тілендиевтің «Әлқисса», А.Желдібаевтің «Ерке сылқым», Д.Шығайұлының «Көроғлы», Байжігіттің «Көксерке» халық күйлерін орындады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *