Болашақта кім болам?

Бала күнімде қиялымда шек болмаушы еді. Барлық нәрсені армандай беруші едім. Өсе келе, адамның ойлау қабілеті толысып, өмірді шынайы кейпінде көре бастайтындықтан арманыңның да басқа бағытқа ауысуы мүмкін екен. Арман ол мақсат.

Мақсат – cәттілікке  жетелейтін жолдың алғашқы баспалдағы. Армандар орындалады деген қағиданы ұстанамын. Себебі адам армандаған нәрсесінің орындалуын қаласа, болашаққа қарай нық қадам басып, еңбек етеді.

Мағжан атамыздың «Мен жастарға сенемін», —  деп жырлағанындай жарқын болашақ — бүгінгі жастардың қолында.

Мен өскенде кім боламын,қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау – өміріңнің  бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да дұрыс таңдау маңызды. Өмірде адам мамандық таңдауда қателеспеу керек. Себебі дұрыс таңдалған мамандық өмір бойы өзіңе қызмет етіп, өмірлік азығың болатыны сөзсіз.

Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның таңдаған болашағы сол мамандықтың арқасында болмақ. Мен өз болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Мен журналист мамандығына түсіп, болашағымның бастамасын сол жерде бастауды арман етемін.

Журналист болу менің бала кезгі арманым. Бұл сала маған қатты  ұнайды, тек шындықты айтатын, әділдікті жақтайтын өзінің алуан түрлі пікірін ортаға салып, ой алмасқан ұнайды.

Ең бастысы адам өз арманына жетуі керек. Арманыңның орындалуы жолында тынбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыруың керек, сонда ғана өзіңнің қандай мықты екеніңді, қолыңнан не келетінін түсінетін боласың. Оның бәрі еңбектің арқасында келеді, еңбек етуден жалықпасақ әлі талай белестерді бағындырарымызға сенімдімін.

Бұйыртса мен өзім қалаған маман иесі боламын! Әрине,бұл жолда талай қиындықтар туындайтынын білсем де, арманымның орындалатынына сенімдімін.

Ойымды жүзеге асыруға қазіргі күннен бастап алға қарай қадам басудамын.

Ойымды қорытындылайтын болсам, қоғамға пайдамды тигізгім келеді. Таңдаған мамандығым өзіме қызмет ететініне сенімдімін.

Алпысбек Айсана Дулатқызы,

№26 ЖОББМ 11- сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *