Header Banner

Екі ел ынтымақтастығы: Қазақстан-Қырғызстан байланысының дамуы

Тілді оқытудағы басты мақсат – еркін қарым-қатынас қалыптастыру. Тиімді әдістеме – адамды сөйлету өнері. Тіл жаттау арқылы емес, тәжірибе арқылы меңгеріледі. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асатыны мәлім. Яғни, тіл – өмірдің ұлы қаруы.

Тілді оқыту әдістемесі – білім алушыларға тілді дұрыс меңгертудің тиімді жолдары мен тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Оның негізгі мақсаты – білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамыту, тілдік білімді өмірде еркін қолдана білуге үйрету.

2026 жылдың 11 маусым мен 26 маусым аралығында Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасын нығайту арқылы Жүсіп Баласұғын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен тәжірибе алмасу мақсатында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары Google Meet платформасында онлайн түрде «Тілді оқыту әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Тілді оқыту барысында түрлі әдістер пайдаланылады. Олардың ішінде түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жаттығу, ойын технологиялары, топтық жұмыс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл әдістер білім алушылардың қызығушылығын арттырып, білімді тиімді меңгеруіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда коммуникативтік әдіс ерекше маңызға ие. Бұл әдіс арқылы білім алушылар өз ойын еркін жеткізуге, пікір алмасуға және күнделікті өмірде тілді қолдануға машықтанады. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау, жобалық жұмыс және цифрлық ресурстарды пайдалану да тіл үйретудің сапасын арттырады.

Қазіргі білім беру саласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі – тілді оқыту әдістемесін жасанды интеллект (ЖИ) арқылы оқыту.  Ол оқытуды жекелендіруге, білім алушының деңгейіне бейімдеуге және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бірақ жасанды интеллект тілді оқыту әдістемесінде оқытушыны алмастыратын құрал емес, оның кәсіби қызметін қолдайтын тиімді көмекші құрал болып табылады. Ол оқытуды дербестендіруге, оқу сапасын арттыруға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең жоғары нәтиже оқытушының педагогикалық шеберлігі мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін үйлестіріп қолданғанда байқалады.

Сондықтан да тілді үйрету кезеңдері жүйелі түрде жүргізілсе, тіл үйренушіге тілді тез меңгеріп алуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Гүлмира САҒАТОВА