«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»

Қарағандыда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шара өтті.

Ол Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығында және Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасына көмек көрсету орталықтарында болып қайтты.

Сондай-ақ, Шанай Назипа Ыдырысқызы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Құсайын Ерлан Бейсембайұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өңірдің ҚХА және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті ұйымдастырған «Наурызнама» тұжырымдамасының «Ұлттық киім күні» тақырыбына арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» іс-шараларына қатысты.

Осы іс-шара аясында қазақтың ұлттық киімдерінің сәнді көрсетілімі және қазақтың ұлттық бас киімдерінің көрсетілімімен дефиле өтті.

Іс-шара соңында дефиле қатысушыларына Назипа Ыдырысқызы алғыс хаттар табыс етті.

Достық үйінде «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасын іске асыру бойынша семинар өткізілді. Семинарға Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, өңірдің қалалары, аудандары мен ауылдық округтері аналар кеңесінің мүшелері, Қарағанды облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері қатысты.

Кіріспе сөзбен Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллинұлы сөз сөйледі.

Семинар барысында ҚХА Аналар кеңесінің одан әрі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды.

Семинарға қатысушылар Аналар кеңесінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді іске асыру жолдары туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар мен ұсыныстар айтылды.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *