Дәрігерлер баспаналы болды

Қарағанды облысында 40 жас дәрігер мен медбикелер Наурыз қарсаңында қоныс тойын өткізеді. Дәрігерлерге қызметтік пәтерлер Бұқар жырау ауданы Доскей ауылындағы жөнделген үйде берілді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын осы қуанышты оқиғамен құттықтады.

– Облыс медициналық кадрлардың тұрмыстық мәселелерін шешуге тырысады және жалпы өңірде денсаулық саласын дамытуға көңіл бөледі. Заманауи ФАП-тар салып, қымбат жабдықтар сатып аламыз. Мұның бәрі сіздерге ыңғайлы жағдайда жұмыс істеуге, адамдарды құтқару және емдеу үшін кәсіби міндеттеріңізді жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беру үшін. Шаңырақтарыңызда бақытты және тек қуанышты сәттер көп болсын! Сіздерге амандық пен сәттілік тілеймін! – деді Ерлан Құсайын.

Бұл жолы баспананы Бұқар жырау ауданының орталық ауруханасы мен қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері иеленді.

Үйде 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Олардың барлығы ас үй жиынтығымен, шкафпен және жұмсақ жиһаздармен жабдықталған.

Дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету Қарағанды облысында кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Осы жылдың соңына дейін денсаулық сақтау басқармасы тағы 100-ге жуық медицина қызметкерлеріне баспана беруді жоспарлап отыр.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *