Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр ұлықталған күн

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Жол-көлік факультетінің «Көлік техникасы және  логистикалық жүйелер» кафедрасы 2023 жылдың 13 наурызында «Ұлттық сезім» жобасын насихаттау барысында Наурыз мейрамының жаңа форматы бойынша 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күнін  атап өту мақсатында ТТ-22-1, ТТ-22-2 топтарының кураторлары Перизат Уәлиқызы Байгожина, Игорь Анатольевич Пак топ студенттерімен «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Студенттердің санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.Халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, студенттерге ұғындыру.

Мерекелік кеште топ студенттері халықтың кең тараған салт-дәстүрлерінің бірі бесікке салу рәсімін көрсетті. Сонымен қатар студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама болды.

Жиын соңында Жол-көлік факультетінің деканы Бахтияр Шарапиденұлы Асқаров оқытушылар мен студенттерді құттықтап, тілегін білдірді!

Меңдікүл Оспанғалиева,

Жол-көлік факультетінің тәрбие

 ісі бойынша декан орынбасары

Перизат Байгожина,

 «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер»

кафедрасының оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *