Маңызды хабарлама!

Қарағанды облысының тұрғындарын тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Екі қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллондарына тыйым салынады. Аталмыш ережені бұзғандарға 7 АЕК (25 844 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, тағы да қайталанған жағдайда – 10 АЕК (36 920 тг.).

«Көпқабатты тұрғын үйде газ баллонын көрсеңіздер – (8-7212) 42-11-05 (тұрғын үй инспекциясы бөлімі) немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар. Газдың шығып кетуіне байланысты авариялық жағдайлар туындаған жағдайда 104 («AlemGaz» ЖШС орталық авариялық-диспетчерлік қызметі), 101 немесе 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар», – деп облыс тұрғындарына хабарлама таратылды.

Өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат тарататын рейдтер, акциялар үнемі өткізіліп тұрады. Тұрғындар үшін өртке қарсы нұсқаулықтар ұйымдастырылып, жадынамалар таратылады. Өткен жылы 92 мыңнан астам ауланы аралап, 300 мыңға жуық адам қамтылды.

Ақпаратты тарату үшін әлеуметтік желілер де қолданылады.

Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін тағы бір рет еске саламыз:

— екі қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыздар;

— үй-жайларды өз бетінше газдандыруды, газ аспаптарын, баллондарды және бекіту арматурасын ауыстыруды және жөндеу жұмыстарын жүргізбеңіздер;

— жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар;

— газдың шығып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыздар – мұны сабынды сумен жасау керек;

— балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *