Монополистер қызметі қолжетімді

Қарағанды облысында электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі өсуде. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер порталында тұтынушыларға бірқатар монополистің онлайн-қызметтері қолжетімді. Бұл тұрғындарға ыңғайлы: үйден шықпай-ақ өтініш беру уақытты үнемдейді, сонымен қатар қағазбастылық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

– 2023 жылы облыста 16 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде 99,3%. Үш жыл ішінде электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 11%-ға өсті, – деп баяндады аппараттық кеңесте ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий.

Барлығы 182 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 95%-ы электронды түрде қол жетімді. Сапаны бақылау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде, деп атап өтті басқарма басшысы.

Константин Ильницкийдің айтуынша, Қарағандыда тұтынушылар ІQala коммуналдық қызметтерінің сайтын белсенді қолдана бастады. Монополистер тізімін кеңейту және бұл жүйені басқа қалалар мен аудандарға енгізу жоспарлануда.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *