Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні әскери қызметшілер арасында “Орталық” өңірлік қолбасшығының нысаналық ату бойынша біріншілігі өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар АК-1 және ПМ-1 спорттық жаттығуларын орындап, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Сайыстың басты мақсаты – әскери қызметшілердің атыс дайындығы деңгейін арттыру, дәлдік пен шапшаңдықты дамыту, сондай-ақ әскери тәртіп пен бәсекелестік рухын нығайту. Әрбір қатысушы өз бөлімшесінің намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсетуге тырысты.
Сонымен қатар, бүгін әскери қызметшілер үшін практикалық атыс жаттығулары және граната лақтыру бойынша да арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл жаттығулар әскери қызметшілердің нақты ұрыстық жағдайда әрекет ету қабілетін жетілдіруге бағытталған.
Мұндай іс-шаралар қызметтік даярлықты арттырумен қатар, әскери рухты көтеруге және бөлімшелер арасындағы бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосады.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі