Оқушылар сарайы ашылды

Қарағандыда Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Кәусар» жаңа Оқушылар сарайы ашылды. Ол Пришахтинскіде салынған, бұл ауданда ешқашан қосымша білім беру нысандары болмаған. Енді бұл аймақтың жас тұрғындары робототехника, VR сәулет өнерімен және қала орталығына бармай-ақ көптеген қызықты нәрселермен айналыса алады. Енді мұның бәрі үйдің жанында қолжетімді болады.

Балаларды мерекесімен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.

–  Біз сіздер жан-жақты даму үшін барлық жағдайды жасауға тырыстық. Мұнда IT-технологиялар, инженерия, робототехника, VR-сәулет және веб-дизайн, сондай-ақ басқа да көптеген заманауи бағыт бойынша үйірмелер жұмыс істейтін болады. Әрқайсыңыздың болашағыңыз үшін жақсы білім мен дағдылар алуға мүмкіндік болғанын қалаймыз. Бұл жер сіздер үшін жаңа достар табуға, оқуға және көңіл көтеруге болатын екінші үй болады деп үміттенемін. Майқұдықта да осындай оқушылар сарайын саламыз, – деді өңір басшысы.

Ғимарат кең, әдемі. Күн сайын Оқушылар сарайына 600 балалар мен жасөспірімдер келіп, айналысады. Әркім өзіне ұнайтын үйірмені таңдай алады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жағдай қарастырылған. Сенсорика және моториканы дамытуға арналған көптеген құрылғы бар. Мысалы, ауа-көпіршікті колба көру мен естуді, тактильді сезімдерді ынталандырады. Құрғақ душ босаңсуға арналған, оның көмегімен бала жаңа түстерді қызықты түрде есте сақтай алады.

Инклюзивті оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Штатқа логопед пен психолог қабылданған.

Балалардың дамуы үшін ең жаңа және ең жақсысы жинақталған. Болашақ инженерлер үшін HI-TECH цех, STEM зертханасы, Іntellectum студиясы және т.б. бар. Шығармашылық дарындылар үшін Art-және музыкалық студиялар құрылды. Сәбилер үшін ерте даму кабинеттері бар. Сондай-ақ, жас экологтарға арналған орталық, телестудия, медиа орталық жабдықталған.

Концерттер, конкурстар, жарыстар өткізуге болатын үлкен акт залы бар. Сондай-ақ коворкинг аймақ та бар.

Ашық ауада да түрлі шара өткізуге болады. Оқушылар сарайының айналасы абаттандырылған. Футбол алаңы, тренажерлер орнатылды.

Балалар да, ата-аналар да жаңа сарайдың ашылуына қуанышты.

–  Біз бұл оқиғаны асыға күттік. Өте қуанышты және ризамыз! Менің қызым Софье 4,5 жаста. Біз хореографиямен айналысуды жоспарлап отырмыз және тағы бір шығармашылық үйірмеге жазылғымыз келеді. Мен өзім Пришахтинскіде жұмыс істеймін. Енді ешқайда барудың қажеті жоқ, – деп бөлісті аудан тұрғыны Татьяна Рихтер.

Шығармашыл дарынды оныншы сынып оқушысы Рамазан Оразалы сарайдың ашылуын балаларды қорғау күніне арналған керемет сыйлық деп санайды.

–  Мұнда бәрі керемет және ыңғайлы. Барлық жағдай жасалған. Арбамен жай жүруге болады. Бұл сарайда көптеген талант өсетініне сенімдімін, – дейді республикалық және халықаралық вокалдық байқаулардың жүлдегері.

Сарай ашылғаннан кейін бірден концерт көрсетіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Халықаралық балаларды қорғау күні барлық қала мен ауданда атап өтіледі. Ерекше балаларға, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көп көңіл бөлінеді. Концерттермен, қойылымдармен, байқаулармен және жарыстармен ауқымды мерекелік бағдарлама дайындалды. Облыс орталығында жыл сайынғы арбалар шеруі, «Кукляндия» театрлар фестивалі өтеді. Орталық саябақта жаздың бірінші күнінде балалар теміржолы іске қосылды, барлық бала жақсы көретін «Хогвартс экспресс» жолаушылар тасымалдауын қайта бастады. Хайуанаттар бағы жас қонақтарды көбік кешіне, трансформерлер мен аниматорлар шоуына шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *