Шағымға жауап

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығының басшылығын жол жиектерінде, жаяу жүргіншілер аймақтарында, тротуарларда қар жинамағаны үшін, сондай-ақ аялдамалардың жағдайына көңіл толмайтынын айтып, сынға алды.

Тұрғындар тарапынан шағымдар көп. Өңір басшысынан да біраз ескертулер жиналып қалған.

Қарағанды және екі аудан әкімдерімен бірге облыс басшысы Пришахтинск және Майқұдық көшелерін, соның ішінде жеке секторды, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс пен Федоровканы аралап шықты.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев олқылықтарды жою керек жерлерді көрсетті.

Сондай-ақ жылы аялдамаларды тексерді.

– Мен үнемі көшелерді аралап өтемін. Сондай-ақ әлеуметтік желілерді, БАҚ оқимын. Жолдарға қатысты сұрақтар белгілі бір деңгейде шешіліп жатқанын көрсек те, аялдамалар мен тротуарларға қатысты шағымдар көп екенін байқаймын. Бүгін екі аудан әкімдеріне қатаң ескертулер жасадым – бұл олардың тікелей міндеттері. Қала әкіміне де ескерту жасалды. Тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалмаған, – деп мәлімдеді Ермағанбет Бөлекпаев. – Сонымен қатар, су тасқыны кезеңі жақындап қалды. Біріншіден, қазір қарды шығару, содан кейін арналарды, нөсерағар жүйесін тазарту қажет.

Ол су тасқыны қаупі бар барлық жерлер белгілі екенін атап өтті. Келесі жолы облыс әкімі қалада су тасқынына дайындық барысын тексереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *