«Тәуелсіздік белгісінің» тұсауы кесілді

Басты мұрат, негізгі нәрсе – халық пен ұлттың теңдігі мен азаттығы. Тәуелсіздік терең ұғым десек те, басты ұстындары осылар. Өркендеп өсуіміз үшін ең басты фактор саналатын азаттықты әркім әртүрлі түсініп, үлесін өзінше қосып жатса, әрине мархабат. Мәселен сіз қандай белгі қалдырар едіңіз? Республикалық «Qazaq club» Ұлт құндылықтарын сақтау орталығы Қарағандыда «Тәуелсіздік белгісін» жасап, оны лайықты тұлғалар өңіріне тағуды жөн көріпті.

«Тәуелсіздік белгісінде» Қазақстан тарихында із қалдырған жеті көрнекті тарихи тұлға мен сегіз маңызды тарихи дата қамтылған. Белгінің орталық элементі – елдің аумақтық тұтастығы мен бірлігін бейнелейтін Қазақстан Республикасының картасы және «QAZAQSTAN» жазуы. Шеңберде белгілі бір тәртіппен тарихи тұлғалар, даталар, символдар бейнеленген. Олар:

  1. Алтын адам (б.з. д. 5-4 ғасыр) – сақ дәуірін және олардың Қазақстан мәдениеті мен тарихына әсерін бейнелейді.
  2. Ұлы Мөде қаған (б.з. д. 209 жыл) – Ұлы ғұн державасының негізін қалаушы.
  3. 552 жыл – Түркі қағанатының құрылған жылы, оның символы Бөрілі байрақ.
  4. 1465 жыл – Қазақ хандығы құрылған жыл және Керей мен Жәнібек хандар бейнеленген.

5.Үш жүзді біріктірген Абылай хан сайланған 1771 жыл мен оның бейнесі.

  1. Қазақ Тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы хан сайланған 1841 жыл.
  2. 1917 жыл – Алаш Орда үкіметінің құрылуы және оның жетекшісі Әлихан Бөкейхан бейнеленген.
  3. 1991 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған жыл, тарихи процестің шарықтау шегі.

Белгі алтын түсте жасалған және аталған  оқиғалардың терең мәнін білдіреді. Сонымен қатар белгі маңызды қолданбалы мәнге ие. «Тәуелсіздік белгісі» жастарға ел егемендігінің қалыптасуына алып келген негізгі оқиғаларды тез және қарапайым түсіндіруге мүмкіндік береді.

Ерзат ЕРМАҒАМБЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *