Тәртіпке бағынған құл болмас

2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоғамда тәртіп пен мәдениеттің қалыптасуына ерекше назар аударды. Президент «Заң және тәртіп» қағидаты – азаматтық жауапкершілік пен ұлттық қауіпсіздіктің негізі екенін атап өтті. Жолдау аясында республика көлемінде қоғамдағы қауіпсіздікті күшейту үшін жаңа заңдар қабылдап, құқықтық реформаларды жүзеге асыру жоспарланды. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және интернеттегі заңсыз әрекеттерге қарсы шаралар күшейтілді.

Қазіргі таңда жастар арасында кибербуллинг, әлеуметтік желідегі қорлау, жалған ақпарат тарату сияқты мәселелер жиі кездеседі. Осыған байланысты мектептерде құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары жүргізіліп, жауапкершілік мәселесі де көбірек қозғала бастады.

Тағы бір маңызды мәселе – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдардың күшеюі. Қоғамда бұл тақырып ашық айтылып, талқылана бастады. Президент пен құқық қорғау органдары әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қорғау басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Қазір елімізде зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы бөлімдер құрылып, түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Тәуелсіз ел болғандықтан әр адам өз құқығын қорғауға құқылы. Сондықтан заң мен тәртіпке бағыну бұл әлсіздіктің емес, қауіпсіз қоғам мен жарқын болашақтың кепілі. Заң тек полиция қызметкері, сот үшін ғана емес, қарапайым адам, қоғам үшін маңызды. Егер әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда тәртіп те, қауіпсіздік те болады. Әсіресе жастар заңды қорқыныш ретінде емес, өз құқығын қорғайтын құрал ретінде түсінуі керек.

Бекасыл ИСАТАЙ,

Қарқаралы ауданы