Жаны саудың тәні сау

Қарағандыда «Спорт әр аулаға» жобасы қайтадан басталады. Балалар мен ересектер үшін жаз бойы үйдің жанында тегін жаттығулар өтеді.

Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандарында 36 алаң анықталды: аулалар, гүлзарлар, саябақтар. Жаттығуларды кәсіби жаттықтырушылар мен нұсқаушылар жүргізеді. Барлық қажетті құрал-жабдық бар.

Таңертең фитнес жаттығулары, йога, зумба, скандинавиялық серуендеу жоспарланған. Кешке әртүрлі спорт түрінен турнирлер ұйымдастырылады.

Жаттығулар барлық жастағы адамға қолжетімді және айналысуға ыңғайлы уақытта өтеді.

«Шахтер» стадионының әлеуметтік желісінде толық ақпарат келтірілген: @stadionshakhter.

Анықтаманы келесі телефондар арқыла алуға болады: (8-7212) 42-57-85, +7 702 589 52 53, +7 707 752 95 85 (Whatsapp).

«Спорт әр аулаға» жобасын үшінші жыл қатарынан Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен «Шахтер» стадионы жүзеге асыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *