«Қызметтік қару» шарасы өтуде

2-14 ақпан аралығында Қарағанды-Сұрыптау станциясы көліктегі полиция басқармасының қызмет ету аумағында «Қызметтік қару» жедел профилактикалық шарасы өтуде.

Басты мақсаты – көлік инфрақұрылымында азаматтық және қызметтік қару мен оның оқтарының заңсыз айналымының алдын алу және анықтау.

Шара барысында Қарағанды-Сұрыптау станциясы көліктегі полиция басқарамасына қарасты «ӘТЖК» жеке күзет ұйымдарын және әуежайлардағы «АҚҚ» АҚ объектілерін қызметтік қаруды сатып алу, сақтау, алып жүру, есепке алу, тапсыру, пайдалану, сондай-ақ қаруды қолданудың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жедел профилактикалық шара кезеңінде «ӘТЖК» жеке күзет ұйымдары мен әуежайлардағы «АҚҚ» АҚ объектілеріне қолданыстағы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын реттейтін заңнама нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жансая САДУАҚАСОВА,

                                              Қарағанды-Сұрыптау станциясы

КПБ АСт инспекторы полиция майоры