Стратегиялық шешім һәм батыл қадам

Жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер – елдің құқықтық және саяси жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтерген стратегиялық шешім. Бұл жай ғана заңға түзету емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік пен сенімнің жаңаша үлгісін қалыптастыруға бағытталған батыл қадам.

Ата заңды жаңғырту арқылы билік тармақтарының тепе-теңдігі күшейіп, мемлекеттік институттардың тиімділігі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нақтырақ әрі қолжетімді бола түсті. Енді әрбір азамат өз құқығын қорғауда әлдеқайда сенімді тірекке ие.

Бұл реформалар қоғамдағы әділет қағидатын нығайтып, ашықтық пен есептілікті арттырады. Мемлекет дамуының берік құқықтық негізі қаланып, ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өркендеуге жол ашылды.

Мен бұл өзгерістерді елдің болашағына бағытталған парасатты әрі тарихи маңызы зор шешім деп есептеймін. Бұл – жаңару, жауапкершілік және әділет жолындағы сенімді қадам.

Бауыржан БАДАНОВ,

«AMANAT» партиясы Қарағанды облысы Шет аудандық филиалының төрағасы