Дәстүрден цифрландыруға: Қарағанды облысында Наурызда 100-ден аса IT-шешім енгізілді

Қарағанды облысы көктем мерекесін цифрландыру деңгейі бойынша жоғары көрсеткіштердің бірін көрсетті. Өңірде 100-ден астам цифрлық шешім іске асырылып, бұл онлайн кеңістікте 1 миллионнан астам қолданушының назарын аударуға мүмкіндік берді. Офлайн форматта 300-ден астам мерекелік іс-шара өтіп, оларды 200 мыңнан астам тұрғын мен қонақ тамашалады.

Өңірдің негізгі алаңдарында 60 тақырыптық киіз үй тігіліп, ақпараттық сүйемелдеуді 234 баннер мен LED-экран қамтамасыз етті. Мәдени бағдарламаны 200 өнерпаз ұсынды. Олардың қатарында Нұрлан Өнербаев, Жанар Дұғалова және «Жігіттер» тобы бар. Осылайша, халықтық дәстүрлер мен заманауи цифрлық мәдениет үйлесім тапты.