Сізді мерейлі 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өміріндегі жетпіс жас – ақыл мен парасаттың, тәжірибе мен даналықтың толысқан шағы, еңбек пен ізгіліктің жемісі көрінетін ерекше белес.
Бұл – артқа көз жүгіртіп, жүріп өткен жолды саралайтын, ел мен жұрттың ықыласы мен құрметіне бөленетін мәртебелі кезең.
Сіз өзіңіздің бүкіл саналы ғұмырыңызды туған өлкенің өсіп-өркендеуіне, халыққа адал қызмет етуге арнадыңыз. Еңбек жолыңызда коммунистік партия органдарында жауапты қызметтер атқарып, бөлім басшысы ретінде ұйымдастырушылық қабілетіңізді, іскерлігіңізді және азаматтық ұстанымыңызды таныттыңыз. Кейін Шет ауданының Ақадыр кентінде ұзақ жылдар бойы әкім орынбасары қызметін абыроймен атқарып, ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегіңізбен көпшіліктің алғысына бөлендіңіз.
Қай қызметте жүрсеңіз де, Сіз жауапкершілікті жоғары қойып, адамдардың мұң-мұқтажына бейжай қарамайтын, әділдік пен адамгершілікті ту еткен азамат ретінде танылдыңыз. Туған жердің әлеуметтік дамуына, қоғамдық өмірдің қалыптасуына, ел бірлігінің нығаюына қосқан үлесіңіз өлшеусіз. Сондықтан да Сізді әріптестеріңіз қадір тұтып, кейінгі буын өкілдері өнеге тұтады.
Өмірдің мәні тек атқарған қызметпен ғана өлшенбейді. Сіздің ең үлкен байлығыңыз – отбасыңыз, ұрпағыңыз және бүгінгі атқарып жатқан рухани мұра игі істеріңіз…
Бүгінде бала-шағаңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп отырған ардақты әке, аяулы ата ретінде де Сіз зор құрметке лайықсыз. Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп, өмірлік тәжірибеңізді жастарға үлгі етіп келесіз.
Қазақ халқы «ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ — ҚАЗЫНАСЫ БАР ЕЛ» дейді. Сіз де сол ел қазынасына айналған абыройлы азаматтардың бірісіз. Жастық жігеріңіз бен еңбекқорлығыңыз, парасат-пайымыңыз бен адамдық қасиеттеріңіз Сізді айналаңызға сыйлы етті.
Қазақтың біртуар жазушысы, қоғам қайраткері және драматургі Шерхан Мұртазаның «ЖАҚСЫ АҒА ОРМАН, ЖАҚСЫ ІНІ ҚОРҒАН» деген жоқ па, Сізбен қызметтес болған жандар да, Сізді жақыннан білетін ағайын-туыс пен дос-жаран да әрдайым Сіздің азаматтық келбетіңізді жоғары бағалайды.
Осынау мерейлі күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын, отбасыңызға бақ-береке мен амандық тілеймін. Балаларыңыздың қуанышын көріп, немере-шөберелеріңіздің қызығына кенеліп, мерейіңіз әрдайым үстем болсын. Жаратқан Иеміз Сізге күш-қуат, шаттық пен бақыт сыйлап, екі дүниенің нығметіне бөленіңіз!
Жұмағали МАҒЗИ,
тарих ғылымдарының магистрі,
Ш.Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
Қарағанды қаласы,
01.06.2026 жыл
