Қоғамдық тәртіп пен теміржол қауіпсіздігі – басты назарда

Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну және мас күйде жүру – қоғамның қауіпсіздігіе кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Мұндай әрекет, ең алдымен, адамның өһзіне деген құрметінің төмендігін көрсетіп қана қоймай, айналасындағы адамдардың өмірі мен деусаулығына да қауіп төндіреді.

Адамдардың қоғамдық орында мас күйде болуы адамды заңсыз әрекеттерді жасауға, жазатайым оқиғаларға тап болуға итермелеуі мүмкін. Сатистикаға сенсек қылмыстардың да көбі мас күйде, алкогольдің әсерінен жасалады.

Биылдың өзінде  көлік сақшыларымен қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу дерегінің 500-ге жуығы анықталған. Ондай деректер жолаушылар тасымалдайтын жолаушы поездарында да, әуежайы мен теміржол вокзалдарында да орын алып жатады.

Әсіресе теміржол нысандарында мас күйде жүру аса қауіпті. Мұндай жағдайда азаматтар өз өміріне төнетін қатерді дүрыс бағаламай, теміржол бойына шығып кетуі немесе қозғалыстағы пойыздың жақындағанын дер кезінде байқамауы мүмкін.

Мысалға, ондай оқиға 2026 жылдың шілде айында Қарағанды — Жолаушылар –Қарағанөзек станциялар аралығында орын алды. Мас күйде болған ер азамат 5903 тонн салмақпен келе жатқан жүк поезының астына түсіп мерт болған. Сондағы жүк поезының тежеу жолы 529 метр құраған. Бұл көсеткіш теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауға болмайтынын тағы бір мәрте ескертеді.

Алкоголь ми жасушаларына тікелей әсер етіп, адамның зейінін төмендетеді. Мас адам жақындап қалған пойыздың дыбысын немесе машинистің берген дабылын дер кезінде естімейді.

Сондықтан Көлік сақшылары қоғамдық орындарда мас күйде болу оның ішінде қаупі жоғары аймақтарда болу адамның өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіретінін еске салады.

Заң талаптарын сақтау және айналадағы адамдарды құрметтеу — қауіпсіз әрі жайлы қоғамның негізі екенін ұмытпайық!

Ж.САДУАКАСОВА,

Қарағанды-Сұрыптау станциясы КПБ АСт инспекторы полиция майоры