Әлем чемпионы – Руслан

Қазақстанда туып өскен ұлты ингуш Астана тұрғыны еркін және грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Экажев Рустам Сұлтанұлы талай рет халықаралық жарыстарға қатысып, Қазақстанның намысын қорғады. Ол 2024 жылы Хорватияның Пореч қаласында еркін күрестен өткен халықаралық дода да әлем чемпионы атанды. Содан кейін 2026 жылы Иорданияның Амман қаласында болған дүниежүзілік жарыста ерекше шеберлігімен көзге түсіп, еркін және грек-рим күресінен әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

– Менің спортпен айналысып келе жатқаныма жиырма жыл болды. Осы уақыт аралығында тұрақты әрі тыңғылықты жаттығудың арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмын. Үш дүркін әлем чемпионы болған кезде марапаттау салтанатында Қазақстанның туы көтеріліп, еліміздің ән ұраны орындалғанда көзіме жас келіп, туған елімнің намысын қорғағанымды мақтаныш тұтамын. Бойымды туған отаныма деген патриоттық сезім билейді, – дейді Рустам Сұлтанұлы бізбен әңгімесінде.

Осылайша ағынан жарыла сөйлеген спортшы Рустам Сұлтанұлы алдағы  уақытта да халықаралық жарыстарға қатысып, еліміздің намысын қолдан бермиейтіндігін айтты. Біз жаттықтырушы Асқар Әбдірашев пен жеке жаттықтырушысы Азамат Әміржановпен әңгімелескен едік.

Рустам Экажев еркін және грек-рим күресінің әдісін ерекше меңгергені өз алдына, оның дене бітімінің әсіресе, аяқ пен қолының күштілігі де күресте басты рөл атқарады,-дейді жеке жаттықтырушысы Азамат Әміржанов.

Әлем чемпионы Рустам Сұлтанұлы, алдағы жылы болатын кезекті халықаралық жарысқа қатысып, ел намысын қорғау үшін Астана қаласындағы Капитолий спорт залында жаттығу үстінде. Әлем чемпионына алдағы уақытта да сәттілік тілейміз.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ