«Speak English with us» байқауы

Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығында ағылшын тілі оқыту курсынан өткен А(2) деңгейі бойынша тыңдаушылар арасында өтетін «Speak English with us» атты байқауы өтті.

Қарағанды қаласы – 2026 жылғы 10 қарашада сағат 12:00-де «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі курсының А(2) (базалық) деңгейінен өткен тыңдаушылар арасында «Speak English with us» атты тілдік байқау өткізілді. Шараның басты мақсаты – қатысушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту, тіл үйренудегі сенімділіктерін арттыру және орталық тыңдаушылары арасында достық байланысты нығайту болды.

Байқауға курсты табысты аяқтаған ең белсенді 10 тыңдаушы қатысты. Олар өз араларында үздікті анықтау үшін 3 негізгі сыннан өтті:

«Answer the Questions» (Тыңдалым): Қатысушылар жасанды интеллект арқылы арнайы әзірленген 3 минуттық бейнематериалды тамашалап, оның мазмұны бойынша қойылған 10 сұраққа жауап берді.

«Brainstorming» (Айтылым): Экрандағы жабық ұяшықтарды таңдау арқылы жасырын суретті тауып, сол бейне төңірегінде өз ойларын ағылшын тілінде жүйелі әрі еркін жеткізді.

«Expressive Reading» (Мәнерлеп оқу): Қатысушылардың дұрыс дыбыстауы (pronunciation) мен интонациясы сынға түседі. Олар ағылшын тіліндегі поэзиялық шығармаларды нақышына келтіріп оқыды.

Байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады. Ұйымдастырушылар үздік шыққандар үшін қомақты ақшалай жүлде қорын дайындады:

1-орынды Пуликова Генриетта Ивановна алып, диплом мен 50 000 теңге серитификатын иеленді.

2-орынды Төлеухан Ахерке алды және 40 000 теңге сертификат берілді.

3-орын Нугманова Жанар Сунгатовна алды. 30 000 теңге сертификаты берілді.

Ынталандыру сыйлығы: Қалған барлық қатысушының әрқайсысына 10 000 теңгеден ақшалай ынталандыру сыйлығы берілді.

Тіл үйренушілердің білімі мен қабілетін қолдауға бағытталған бұл шара қаланың интеллектуалды өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Әділ БЕК