Жұмыссыздықты азайту және жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылдың 27 қырқүйегінде Е.А.Бөкетов еңбек күніне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – жұмыс беруші мен жастардың тікелей байланысы арқылы жұмысқа орналасуды жеңілдету. Өткізілген шарада 352 студентке 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде консультация берілді. «Silk Road Electronics» ЖШС, «KAMA TYRES» ЖШС жұмыс берушілерімен кездесу өткізілді, оның барысында 26 студенттер үшін олардың мамандықтары бойынша өндірістік тәжірибеден өтуге орындарын тапты.
Сондай-ақ, Қарағанды қаласы бойынша 42 тан астам жұмыс берушіден 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.
Жәрмеңкеге келушілер үшін «Jumys Tap» жобасы бойынша, сондай-ақ тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, оның ішінде «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағыттары бойынша және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша консультация ұйымдастырылды.
Барлық өзекті бос жұмыс орнын enbek.kz порталынан көре аласыз.
Байланыс телефондары: 8 (775) 644 3580 Call center: 8 7212 60-50-50.
Өз тілшімізден