Қанша инвестиция тартылды?

Қарағанды облысында өткен жылы инвестиция көлемі 854 млрд теңгеден асты. 2024 жылға меже кемінде 1,5%-ға ұлғайтылды. Жалпы, өңірде экономиканы 2,5%-ға өсіру жоспарланып отыр.

Облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және қазіргі кездегі міндеттер туралы аппараттық кеңесте айтылды.

– 2023 жылы өнеркәсіп көлемі 3,5 трлн теңгені құрады. Негізгі капиталға 2022 жылғы деңгейге қарағанда 12,2% өсіммен 854,3 млрд теңге инвестиция салынды. Құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 39%-ға өсті. 422,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.

Көлік саласында ішкі сауда көлемінің өсуі байқалды.

Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бұлқайыр 2024 жылы өңдеу өнеркәсібінде өсім жоспарланғанын хабарлады. Қара және түсті металлургияда, машина жасауда, құрылыс индустриясында өсім күтілуде. Инвестициялар 910 млрд теңге деңгейінде, 1,5% өсіммен жоспарланған. Он инвестициялық жобаны енгізу қажет.

Міндет – тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеу. Жаңа құрылыстарды жылу қуатымен қамтамасыз ету үшін облыс орталығында үшінші жылу құбырының құрылысы жалғасуда. Қарағанды әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша, нысан биыл тапсырылады.

– Экономиканы одан әрі әртараптандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Басты міндеттердің бірі – инвестицияларды тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру. Осылайша, жаңа жұмыс орындарын құрып, тұрғындарымызды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеміз, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *