Бас полицей – желіде

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2024 жылды ІІМ кадрларының сапасын жақсарту жылы деп жариялады. Ведомство басшысы өзінің Instagram парақшасында оған қалай тікелей жүгінуге болатынын айтты.

«Біз үшін халықтың кері байланысы өте маңызды. Қазіргі қоғамда әлеуметтік желілер диалог үшін тиімді алаң. Әрбір қазақстандық маған тікелей және әлеуметтік желілерде хабарласа алатынын еске салғым келеді. Мен Facebook пен Instagram-да тіркелдім. Әрқашан сындарлы диалогқа дайынмын», – деді еліміздің бас полицейі.

Ол күн сайын қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғауға 14,5 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатысатынын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *