Header Banner

Қазақ тілі мен мәдениеті – достық дәнекері

2026 жылдың қараша айында Қытай Халық Республикасының Шихэцзы қаласында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С.Сағынтаеваның бастамасымен «Қазақ тілі және мәдениеті» орталығы салтанатты түрде ашылды.

Бұл бастама қазақ тілінің халықаралық деңгейде насихатталуына және ұлттық мәдениетіміздің шетелде кеңінен танылуына ықпал етеді. Орталық университеттің халықаралық байланыстарын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстан мен Қытай жастарының өзара түсіністігін арттыруға жол ашады.

Жаңа орталықтың ашылуы – Қазақстан мен Қытай арасындағы білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Орталықта қазақ тілін үйрету, ұлттық мәдениетімізді кеңінен таныстыру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын дәріптеу жұмыстары жүзеге асырылады.

Шихэцзы қаласында ашылған Қазақ тілі және мәдениеті орталығы алдағы уақытта екі елдің білім беру ұйымдарын байланыстыратын, достық пен мәдени ықпалдастықты нығайтатын маңызды рухани-танымдық алаңға айналады деп сенеміз. Бұл игі бастама – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытуға бағытталған жарқын қадам.

Осындай игі бастаманы жүзеге асырған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С.Сағынтаеваға және орталықтың ашылуына үлес қосқан азаматтарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Қазақ тілі мен мәдениетінің шетелде дәріптелуі – ұлттық рухымызды асқақтататын үлкен жетістік.

Қаламқас ҚАЛЫБЕКОВА,

Қарлығаш НҰРЖАНОВА