Ерболат ҚУАТБЕК. Не сыйласам екем, ардақтым…

***

Бесікке мені бөлеме,

Батыра берме әр мұңға.

Махаббат деген немене?

Адалдығынның алдында.

 

Атырабымды бал ғып ең,

Күнімді көріп биіктен.

Мені сүю үшін алдымен,

Өзіңді өзің сүйіп кел.

 

Тап болып сосын жұмаққа,

Жаңылып қалдың сөзіңнен.

Мені сүю деген, бірақ та

Бас тарту екен өзіңнен.

 

Сөзіңді ұнатып үнінді,

Мөлдірлік тауып көзіңнен.

Өзіңді сүйгендігіңді,

Кешіре алмай өзіңнен.

 

Кешіп өткенмен өмірді,

Есі кеткенді алдап өт.

Көтерер аппақ көңілді,

Сезім көшпелі қаңбақ ед.

 

Бесікке мені бөлеме,

Батыра берме әр мұңға.

Махаббат деген немене?

Адалдығынның алдында.

 

***

Не сыйласам екем, ардақтым

Бір ой келмей сорлаппын.

Қорап алып ішіне,

Сезім салдым, боздақ тым.

 

Мейірімді де сап қойдым,

Анау тұрған бақ қой, гүл.

Құрмет салдым жаныңа,

Оған нұр деп ат қойдым.

 

Іңкәрлік бар ішінде,

Ешқашанда үзілмес.

Ұмытпадым сабырды,

Ең аяулы деп түсінгем.

 

Айданам-ау, жан гүлім,

Сыңғырлайды әрбір үн.

Буып түйдім сыйлықты,

Махаббатпен мәңгілік.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *