Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қаблетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсаты қойылған еді.
Бұл жоспарды орындау біріншіден, жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындар қолдау көрсетіп, ықтиярлы еңбектерін қалам ұшына ұстап, әдеби тілмен жеткізу, адалдық пен азаматтықты, парасат пен әділдікті ту еткен қаламгер қауымы қастерлеген құндылықтар мен адами қарым-қатынастағы ұстанымы, әлеуметтің мінез-құлқынан заманауи оқырманға сыр шерту, ұлттық әдеби мұраны ел ішіне, әсіресе білімге ынтасы бар, білгірліктің ізін басқан жастарға насихаттау деп білеміз.
Екіншіден, мемлекеттік билік жүйесіндегі Үкімет мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлеп және оларды жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Себебі, халықтың әртүрлі санаттары, балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, оқудың дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралы осы шешімдерді іске асыруды қамтиды.
Оның ішінде: жаңа форматты кітапхана, көпфункционалды қоғамдық кеңестер, заманауи ақпараттық жүйе мен сервистер ендіруді біріктіріп, оқырман инфрақұрлымын жаңа технология үрдісінде жаңғырту көзделуде.
Сонымен қатар, ұлттық әдеби мұраны жан-жақты насихаттау, ғылыми, идеологиялық танымал туындыларды сапалы аудару, басып шығару, жүйелі кітапхана құрылымында оқырманның ауқымды аудиториясына жеткізу басты талап.
Мойынға артқан жүктің салмағы ауыр, ағымды жылдың қыркүйек айына дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру жобалық жолы басталды.
Жасанды интеллектіні дамыту жағдайы да алыстық көрсетпейді, 2026 жылдың соңына дейін Кітап оқу мәдениетін және кітап ісін насихаттаудың ұзақ 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы, заң шығаруға негізделген құжат ретінде бекітілуі жөн болғанын білдіреді.
Алдағы 2027 жылдың басына дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» елімізде жаңа Заңның жобасы әзірлену жолында.
Осы Жарлық, жарық көрген күнінен бастап, елдің бұл ақпаратқа адам тағдыры, мәдениеті, өркениеті көтерлетініне сенімдік білдіреді.
Серік МҰСТАФИН,
саясаттанушы, Қарағанды облыстық
«Қазақ тілі және мәдениеті қоғамы»
қоғамдық бірлестігі мүшесі,
Саран қаласы ақсақалдар кеңесінің мүшесі
