Ұлттық жобаға – қомақты грант

Қарағанды облысында биыл кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша 212 грант бөлінді. Мемлекеттің қолдауына халықтың әлеуметтік осал топтары ие болды: 92 көпбалалы отбасы, 65 мүгедек адам, 28 ерекше бала тәрбиелеп отырған адам, 12 АӘК алушы, бір қоныс аударушы және асыраушысынан айырылған 14 отбасы.

Вusiness.enbek.kz порталында 4565 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.

Мысалы, Саран қаласында грант алушылар Дмитрий Ким мен Наталья Панусенко «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып, өз қалаларында өзіне-өзі қызмет көрсететін автокөлік жуатын орын ашып, құс өсіруде.

Бүгінгі күні олардың тұрақты клиенттері бар.

Сондай-ақ, облыс грант алушылары қазақ тілінде оқытатын ерекше балаларға арналған кабинет, жұмыс қолғаптарын, этникалық үлгідегі киімдерді, жиһаздарды, қасбеттік термопанельдер жасау цехын, автосервис, кондитерлік, баспахана ашты, қымыздан балмұздақ, блоктар түріндегі бетон және полистиролбетон бұйымдарын шығаратын цехтарды, бөдене өсіру бойынша шағын ферма, ветеринарлық дәріхананы іске қосты. Сондай-ақ, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер зергерлік бұйымдарды өндіруге арналған құралдарды жасаумен айналысады және т. б.

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру – кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның негізгі бағыты. Осы жылы «Жастар практикасы» санаты бойынша 816 адам жұмыс орындарына ие болды.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің түлегі Диас Серіков «Ипотека орталығы» ЖШС-не қаржыгер ретінде жіберілді.

Тағы 1197 адам «Күміс жас» жобасына қатысты. Бұл бағыт зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар үшін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Жобаның арқасында қарағандылық Толқын Коспабаева мен Алтынай Сейлова жеке компанияларда ресепшионист-маман және клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер ретінде жұмыс тапты.

Өңірде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Биыл кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша 12 арнайы жұмыс орны құрылды. Олар жұмыс берушілерді субсидиялау арқылы ұйымдастырылады.

Субсидиялар арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған жабдықты сатып алу, монтаждау және орнату шығындарын өтеу, мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеу үшін беріледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *