Шеттен жағымды жаңалық

Шет ауданында күрделі жөндеуден кейін жедел медициналық жәрдем пункті ашылды. Ол дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған үй-жаймен, фельдшерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне арналған демалыс және тамақтану бөлмелерімен жабдықталған.

Жедел медициналық жәрдем пунктінің ғимараты ұзақ жылдар бойы апатты жағдайда болды. Қызметкерлер аудандық ауруханадағы стационарлық блоктың екі бөлмесінде жұмыс істеді. Өткен жылы екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

– Ғимараттың ауданы шамамен 1500 шаршы метрді құрайды. Жедел жәрдем және басқа да көмекші қызметтердің қызметкерлерін бірінші қабатқа орналастыру туралы шешім қабылданды. Ал екінші қабатта біз жеке кіреберіс жасап, жас мамандарға арналған төрт пәтерді жабдықтадық, – дейді Шет аудандық ауруханасының директоры Алпыс Аманжолов.

– Қазір жедел жәрдем қызметкерлерінің жеке диспетчерлік бөлмесі, препараттарды сақтау және демалу бөлмелері, тамақ ішуге арналған тұрмыстық үй-жайлары бар.

Жедел жәрдем қызметкерлері кейде тәулігіне 15-тен 30-ға дейін қоңырау қабылдайды.

Енді олар қоңыраулар арасында демала алады.

Жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жөнделген ғимаратқа санэпидемиологтар көшті. Сондай-ақ, күндізгі стационар мен массаж бөлмесі бар.

Жедел жәрдем пунктінің екінші қабатына қазірдің өзінде мамандар қоныстанған. Пәтерлер өткен жылы ауданға келген жас мамандар арасында бөлінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *