Мемлекеттік кірістер департаменті есеп берді

Өткен жылы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атқарған жұмысы туралы оның басшысы Әнуар Мәдиев есеп берді.

– 2023 жылғы болжамды Департамент 105% орындады. Бюджетке 14,6 млрд теңгеге артық жоспармен 279,3 млрд теңге түсті. 2022 жылмен салыстырғанда 52,6 млрд теңгеге артық. Биыл біз былтырғы көрсеткіштен асып, жергілікті бюджетке 294 млрд теңге жинауды жоспарлап отырмыз, – дейді Әнуар Мәдиев.

Полиция департаментімен бірлесіп жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді, нәтижесінде 1300 рейдтік іс-шара нәтижесінде «Қорғау» жүйесінің көмегімен 117 млн теңгеге көлік құралдарына салық төленді. Айыппұл тұрағына 708 көлік қамауға алынды.

Кедендік әкімшілендіру саласында 2023 жылы Департаменттің кеден бекеттерімен ресімделген 27 мыңға жуық кедендік декларацияның 72%-дан астамы «Жасыл дәліз» бойынша өтті.

Сондай-ақ тұрақты негізде халық пен бизнес арасында заңнама нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Биылғы жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Кәсіпкерлерге декларацияларды толтыруға және тапсыруға көмектесетін консультациялық орталықтар ұйымдастырылған.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев департамент қызметкерлеріне атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

– Департамент 2023 жылды жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындаудың оң динамикасымен аяқтағанын атап өткім келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар орындалады деп болжануда. Мұның бәрі сіздердің мамандарыңыздың қажырлы бірлескен жұмысының арқасында, – деп атап өтті өңір басшысы.

Алқа отырысы соңында жыл қорытындысы бойынша үздік қызметкерлер марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *