ҚР ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын іске асыру шеңберінде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау негізінде Ақтоғай ауданы әкімі аппаратында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиын барысында ауданның кадр қызметі бөлімінің басшысы Н.Смағұлов кадрлық үдерістерінің маңызы, мемлекеттік қызметке қабылдау, кәсіби даму, бағалау және мансаптық ілгерілету мәселелері бойынша сөз қозғады.
Сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, ашықтық қағидаттарын нығайту бағытында пікір алмасты.
Әділ БЕК
