Қазіргі қоғамда автомобиль жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Қай елдің жолы сапалы болса, сол елдің дамуы да қарқынды болады. Сондықтан «Сапалы жол – қауіпсіз болашақ» ұстанымы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл бағыттың негізінде «Көлік құрылысы және автомобиль жолдарын пайдалану» саласының маңызы ерекше.
Жол – тек көлік қозғалысының құралы ғана емес, ол адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылым. Алайда қазіргі таңда жол саласында бірқатар өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жол сапасының төмендігі, уақытылы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі, ауа райының әсерінен жол жабындарының тез бұзылуы, көлік қозғалысының шамадан тыс артуы сияқты кедергілер жиі кездеседі. Мұндай мәселелер жол-көлік оқиғаларының көбеюіне, уақыт шығынына және экономикалық шығындарға әкеледі.
Осы кедергілерді шешуде «Көлік құрылысы және автомобиль жолдарын пайдалану» мамандығының рөлі зор. Бұл сала мамандары заманауи технологияларды қолдана отырып, жолдарды сапалы жобалайды, салады және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Біріншіден, жол құрылысына сапалы материалдар мен жаңа технологияларды енгізу қажет. Екіншіден, жолдарды тұрақты бақылауда ұстап, дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды. Үшіншіден, жол қозғалысын дұрыс ұйымдастыру арқылы қауіпсіздікті арттыруға болады.
Сонымен қатар бұл салада білікті мамандардың қажеттілігі күн санап артып келеді. Теориялық білім мен тәжірибені ұштастырған мамандар ғана елдің жол инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтере алады. Сондықтан жастардың осы мамандықты таңдап, кәсіби білім алуы – ел болашағы үшін маңызды қадам.
Сіздерді Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне оқуға шақырамыз! Мұнда сіздер «Көлік құрылысы және автомобиль жолдарын пайдалану» мамандығы бойынша сапалы білім алып, болашақта сұранысқа ие маман атана аласыздар. Университет – білім мен тәжірибені ұштастыратын сенімді орта.
Сапалы жол – бұл тек ыңғайлылық емес, ол – қауіпсіздік, уақыт және ел дамуының кепілі. Жол сапасын жақсарту – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Сапалы жол салу – қауіпсіз болашаққа бастар сенімді қадам!
Қарлығаш ХАМЗИНА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
