Спартакиада жеңімпаздары анықталды

Облысымызда қалалар арасында «Ақ қыс – 2024» және ауылдық аудандар арасында «Қарлы қыс – 2024» дәстүрлі қысқы спартакиадаларының қорытындысы шығарылды. Тағы да Қарағанды мен Абай ауданының командалары жарыстың жеңімпаздары атанды.

Биылғы жылы спартакиадалар Теміртауда екі күн бойы өткізілді.

Әртүрлі кәсіп, мамандық пен жастағы 500-ге жуық облыс тұрғындары төрт спорт түрінен жарысты – бұл президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, конькимен сырғанау, шайбалы хоккей.

«Қарлы қыс» спартакиадасы аудандар арасында 34-ші рет, ал «Ақ қыс» қалалар арасында 21-ші рет өтуде. Оларға Қарағанды өңірінің 18 жастан асқан ең белсенді тұрғындары қатысады.

Құрама қалалар арасында бірінші орынды Қарағанды, екінші орынды Теміртау, үшінші орынды Шахтинск иеленді. Аудандар арасындағы көш бастағандар – Абай, Осакаров және Нұра.

– Қарағанды осы спартакиаданың тұрақты жеңімпазы болып қала береді. Бұған бірнеше факторлар әсер етеді: спорттық инфрақұрылым, әуесқой спортшылардың шоғырлануы, таңдау кең және жаттықтырушылар құрамы да жақсы. Келесі жылы да спартакиада жеңімпазы атағын сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Бұл жарыстар спорт әуесқойлары үшін өз мүмкіндіктерін көрсету үшін жақсы ынталандыру, – дейді Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м. а. Берік Мырзаев.

Қарқаралыдан келген хоккей командасының шабуылшысы ақсақал Талғат Омаров: «Бұл спартакиада – біздің көңілімізді аулайтын шара. Біз жеңіске жете алмасақ та, көптеген жағымды эмоциялар аламыз» – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *