Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны азайту мақсатында негізгі тетіктер ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі.
Сыртқы талдау сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, ал мониторинг қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде ұсынымдары бар аналитикалық есептер әзірленеді. Бұл тетіктер мемлекеттік органдардағы ашықтық пен адалдықты нығайтуға бағытталған.
2026 жылдың 6 айында:
* 2 сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіліп, 26 ұсыным әзірленді;
* 5 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізіліп, 23 ұсыным берілді, оның 13-і орындалды;
* Бюрократиядан арылту бағыты бойынша 50 кейс жолданып, талдау нәтижесінде 52 кейс әзірленді.
Сонымен қатар, Департамент жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен 115 іс-шара өткізілді.
