Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас мамандары Ұ.Б.Бөрібаева мен Н.Ж.Абиханова биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тексеріс жоспарына сәйкес «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-де «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес мерзімді тексеріс жүргізді.
Жоспарлы тексеру барысында басқарма мамандары мекеменің іс қағаздарын жүргізуін, электрондық құжат айналымын, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырылған көрнекі ақпараттың заңнама талаптарына сәйкес рәсімделуін зерделеді.
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметшілеріне тиісті ұсынымдар жолданды.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірімізге қарасты 15 мемлекеттік мекемеде тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша тексеріс жүргізіледі.
Әділ БЕК
