2026 жылғы 10-14 шілде аралығында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызмет көрсету аумағында «Көліктегі құқық бұзушылыққа жол жоқ» жедел профилактикалық шарасы өткізілуде.
Шараның негізгі мақсаты – теміржол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шара барысында полиция қызметкерлері қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауға, сондай-ақ жолаушылар мен теміржол көлігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және жолаушылар поездарында жасалатын қылмыстардың, жылжымалы құрамның тежеуді қолдану деректерінің алдын алу бойынша жұмыстар кешенін жүргізуде.
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасы азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын және теміржол көлігі нысандарында заң және тәртіп қағидатын қатаң сақтауға шақырады.
Ж.А.САДУАҚАСОВА,
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы
Көліктегі полиция басқармасы
АСт инспекторы, полиция майоры
