Алғашқы мобильді кинофестиваль

STARTKINO қоғамдық бірлестігі Қарағандыда алғашқы мобильді кинофестиваль ұйымдастырады. Қатысуға 16 жастан 35 жасқа дейінгі шығармашыл және талантты жастар шақырылады.

Karaganda Mobile Film Festival 2024 стандартты емес форматта өтеді. Жалпы тақырып «Ерекше көңіл-күй қаласы» деп аталады.

– Біз дайын фильмдерді қабылдамаймыз. 1 сәуірге дейін біз режиссер, оператор және сценарист ретінде өздерін сынап көргісі келетін жастардың өтініштерін күтеміз. Фестивальге қатысу тегін. Іріктеу барысында біз 15 мықты қатысушыны анықтаймыз және олардан 5 команда құрамыз. Ұжымдардың әрқайсысы белгілі бір тақырып алып, сценарий жазады. Содан кейін оны міндетті түрде қорғау – питчинг өтеді. Сценарийлер мақұлданған кезде актерлер құрамы мен фильмнің түсірілімі басталады, – дейді STARTKINO ҚБ төрағасы Арман Әлімжанов.

Жұмыс барысында қоғамдық бірлестік қажетті қолдау көрсететін болады. Әр командаға басшылық ететін және кеңес беретін куратор бекітіледі.

Дайын фильмдерді арнайы комиссия қарайды. Марапаттау бірнеше номинация бойынша өтеді. Үздік актер, режиссер, видеограф, сценарист және қосалқы актер таңдалады.

– Біздің міндетіміз – таланттарды анықтау ғана емес, оларды сүйемелдеу. Осылайша, біз орындау сапасын арттырамыз. Нәтижесінде біз ең жақсы үш қысқаметражды фильмді анықтаймыз. Бұл үштік халықаралық фестивальдарда көрсетіледі. Ең жуырдағысы қыркүйек айында Бурабайда өтеді, – деді Арман Әлімжанов.

Өтінімдер WhatsApp арқылы қабылданады: +7-705-126-81-41.

Кинофестиваль Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *