Қоғамдық көліктің жұмысы қалай өзгерді?

Өткен жылы Қарағандының автобус парктері 146 жаңа автобус сатып алды.  Сонымен қатар, автопарктер кейбір автобустардың жұмыс уақытын ұзартты, ескі сұранысқа ие маршруттар жаңғыртылып, жаңалары іске қосылды.

Қарағандыда барлығы жеті тасымалдаушы 45 қалалық және 8 қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсетеді. Желіге күн сайын 400 автобус шығады.

– Жаңа автобустар Yutong маркалы, «QazTehna» Саран автозауытында жиналған. Жылжымалы құрамның жаңаруының арқасында 31 және 65-ші маршруттардың қозғалысы қайта жанданды, екеуі де қаланың жаңа ауданына, «Трилистник» шағын ауданына қатынайды, – дейді Қарағанды ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Темірлан Талдыбаев. – Сондай-ақ үш жаңа бағыт іске қосылды – № 48, 20 және 63. Қарбалас уақытта Майқұдық пен Пришахтинск аудандарына кешкі рейстердің ұзартылуын ескере отырып, автобустардың кестесі қайта қаралды. Желіге қосымша № 45 және 145 автобустар қосылды.

№ 3 және 5 автопарктер – қаладағы ең ірі тасымалдаушылар. Өткен жылы бесінші автопарк 46-тан астам жаңа автобус, ал үшінші автопарк 100 автобус сатып алды. Олар қалаішілік және қала маңындағы бағыттар бойынша жүреді. 2023 жылы № 3 автопарк 66 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады.

– Соңғы рет тариф 10 жыл бұрын көтерілген. Бүгінгі таңда біз жергілікті атқарушы органдармен тарифті көтеру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл өз кезегінде қала мен облыс бюджетіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті № 3 автобус паркінің директоры Артур Григорян.

Тасымалдаушылардың есептеулері бойынша жүргізушілердің жалақысына, амортизацияға, ЖЖМ-ға және басқа да барлық шығындарды ескере отырып, жол жүрудің нақты бағасы 320 теңге болуы тиіс.

Тарифті көтеру мәселесі жан-жақты зерттелетін болады, деп сендірді Темірлан Талдыбаев. Ол бүгінгі күні 100-120 теңгені құрайтын жалпы республикалық деңгейден аспайды.

ONAY! төлем жүйесінің енгізілуімен қоғамдық көліктің жұмысына шағымдар азайды, дейді тасымалдаушылар. Мысалы, өткен жылы № 3 автопаркке небәрі 130 шағым түскен, ал бұрын айына 50-ден 60-қа дейін наразылық түскен.

– Біз барлық шағымдарды мұқият зерттеп, қарастырамыз. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Дегенмен, кадр тапшылығы мәселесі бар екенін мойындау керек. Атап айтқанда, бүгінгі таңда бізде 40 жүргізуші жетіспейді. Егер біз екі ауысымды жұмысқа ауысатын болсақ, бұл шамамен 80 адам, – дейді № 5 автопарктің бас директоры Мақсат Әлсенов.

Ал № 3 автопаркте шамамен 50-60 жүргізуші жетіспейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *