Алматыда джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатына 1 600 спортшы жиналды. Қарағандылықтар 26 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 9 күміс және 11 қола. Біздің өңірдің он бес джитсері ұлттық құраманың құрамында халықаралық аренада ел атынан өкілдік ету құқығына ие болды.
Турнирге Қарағанды облысынан 80 спортшы қатысты, олардың қатарында бірнеше мәрте жүлдегер мен түрлі деңгейдегі жарыстың жеңімпаздары, жасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы Асанәлі Абаев, сондай-ақ халықаралық және ұлттық ареналардағы жетістіктерімен танымал Жігер Алматай мен Асылмұрат Сағындық бар.
Чемпионатта біздің облыстан келген халықаралық дәрежедегі төреші Елеукен Бек-Мұхаммед те төрелік етті.
– Біз үшін басты міндет өзімізді танытып, Қазақстанның ұлттық құрамасына қатысуды қамтамасыз ету үшін тамаша нәтиже көрсету болды, – деп атап өтті Қарағанды облысының джиу-джитсу федерациясының президенті Аян Шермағамбетов. – Біздің спортшылар түрлі жас және салмақ санаттарында көптеген марапатқа ие болып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетіп қана қоймай, нағыз жауынгерлік рухын да көрсетті. Айталық, Асанәлі Абаев қарсыластарына ұпай жинауға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Әрбір жекпе-жекте ол басым болды.
Алда джитсерлерді түрлі сайыс күтіп тұр. Ақпан айында спортшылар Азия чемпионатына, ал күзде Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатысады.
Қарағандылықтар жақсы өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін Karaganda BJJ Open Championship-2025 үй турнирі де маңызды кезең болмақ.
Еркін РЫМҒАЛИЕВ