Шешендікке тегін үйрен

Қарағандылық Ерлан Досаев «Сен бастысың» шешендік өнер клубын ашпақ. Бұл үйірме Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханада жұмыс істейтін болады. Барлық тілек білдірушілер үшін сабақ тегін. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Қазір бірінші топқа 12 адамға дейін қабылдануда.

—  Клубта көпшілік алдында сөйлеуден жасқану сезімін жеңе аласыздар, қарым-қатынас жасауды үйренесіздер және жеке әлеуеттеріңізді ашасыздар. Сіздерді теория, тәжірибе және кері байланыс күтеді, — дейді тәжірибеші-жаттықтырушы.

Шешендік өнерді жасөспірімдер де, зейнеткерлер де үйрене алады. Сабақ аптасына екі рет өтеді.

Қатысу үшін алдын ала өтінім жіберу керек.

Келесі телефон арқыла жазылуға болады: 56-74-64 (қоңырауды жұмыс уақытында шалу керек).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *