«АМАНАТ» партиясының Қарағанды облыстық филиалында «Ашық есік күні» өтті. Жиынға облыс әкімі, әкім орынбасарлары, барлық деңгейдегі депутаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Шара барысында жиналғандар филиалдың жұмысымен, оның ағымдағы қызметімен, Жол картасын іске асыру аясын, сондай-ақ партиялық жобалармен танысты.
– «АМАНАТ» партиясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихатқа сайлауда сенімді жеңіске жетіп, өзін еліміздегі ең мықты саяси партия екенін растады. Біз партиялық тізімдер бойынша да, бір мандаттық округтер бойынша да жоғары қолдауға ие бола отырып, аралас сайлау жағдайында халықтың сенім мандатын алдық.
Ауыл әкімдерінің сайлауында да біздің партиядан түскен кандидаттар жеңіске жетті. Қарағанды облысының 165 ауылдық округінің 163 әкімі «АМАНАТ» партиясының мүшелері.
Бұл партияның қазақстандықтардың көз алдында нақты істермен жинақталған беделінің, партияның сәтті транфсормациялануының және оның барлық құрылымдық бөлімшесі мен әрбір партия мүшесінің үйлесімді жұмысының заңды нәтижесі, – деді «АМАНАТ» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Бекзат Алтынбеков.
Мәслихат – жергілікті өкілді орган. Аймақтағы тұрғындардың әл-ауқаты мен еліміздің жалпы дамуы мәслихаттар мен әрбір депутаттың сапалы жұмыс істеуіне тікелей байланысты.
«АМАНАТ» фракциясының депутаты – көшбасшы, мемлекетшіл, патриот адам. Шешім қабылдайтын және өз сайлаушыларының алдында «уәдесінде тұруға» дайын партияның өкілі.
– Партияның толық ауқымды трансформациясы 2022 жылғы 1 наурыздан Жаңғырту бағдарламасын кезектен тыс XXII Съезде басталды. «АМАНАТ» өз трансформациясы аясында жаңа саяси тұғырнама қабылдады; аймақтық филиалдардың дербестігін нығайтты, партияның фракциясы қызметінің ашықтығын арттырды, жастар қанатын трансформациялады, әйелдер қанаты құрылды, партия жанындағы кеңестердің жұмысын оңтайландырды, мобилді қоғамдық қабылдауларды ұйымдастырды, халық арасында сұранысқа ие жаңа партиялық жобаларды іске қосты (Жер аманаты, Ауыл аманаты, Қарызсыз қоғам, Құқықтық көмек, Жастарға жұмыс және т.б.), диалог алаңдарын ұйымдастырды (Талқылау, Бір толқында).
Осы орайда, былтыр қыркүйек айында Қарағанды облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының алғашқы форумын өткіздік. Форум жұмысына облыс басшылығы, партия хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты, – деп атап өтті Бекзат Алтынбеков.
Сол уақыттан бастап облысқа қарасты әр аудан, қаласынан мәслихат депутаттарына 72 сауал түскен. Сұрақтар облыстық басқармаларға жіберіліп, бүгінгі күні 12 басқармадан жауап алынды. Алайда, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан жауап келмеген.
«АМАНАТ» партиясының мәслихат депутаттарының басты мақсаты партияның республикалық, аймақтық сайлауалды бағдарламаларында белгіленген міндеттер мен уәделерді және бірмандаттық округтер бойынша депутаттың сайлауалды уәделерін орындау болып табылса, партия жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде сайлаушылардан 4 мыңнан аса аманат жиналған.
Алайда, облыс бойынша 138 фракция мүшелерінің 12 депутаты бірінші жартыжылдықта бірде бір қабылдау өткізбеген фактісі анықталған.
Жиын барысында барлық мәслихаттағы партияның фракция мүшелері кем дегенде тоқсанына 1 рет қоғамдық қабылдау өткізулерін қамтамасыз ету қажеттігі де айтылды.
Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыстық Жол картасы аясында 2023 жылы 126 шара жоспарланған болса, оның 110 тармағы орындалды, 3-і орындалуда, 13 тармақ орындалмаған.
«Жер аманаты» жобасы аясында жерді мемлекетке қайтару жоспары 580 мың гектар болса, оның 542,9 гектары қайтарылған.
Жиында партия жүзеге асырып отырған барлық шара, партиялық жобалар мен жол картасының орындалысы, мәслихат депутаттарының жұмысы туралы БАҚ мен әлеуметтік желілерде кең көлемде жарияланып жатқаны да сөз болды.
Өткен жылдың өзінде облыстық баспасөз қызметі республикалық және өңірлік медиа жоспар аясында 30 мыңнан аса материалдар жариялаған.
Алайда, кейбір депутат әлеуметтік желіде мүлдем жарияланым жасамайды. Депутаттың жұмысы, партияға қатысы бар екені туралы парақшаларында мәлімет жоқ. Осы олқылықты жою туралы талап қойылды.
Жиын соңында сәуір айында «АМАНАТ» партиясынан сайланған ауыл әкімдерінің бірінші форумы, «Жастар рухы» жастар қанатының слеті, барлық деңгейдегі мәслихат депутатының оқуы жоспарланып отырғандығы айтылды.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ