СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселе. Ол халықтың мемлекетке деген сенімін төмендетіп, әділдік қағидаттарына кері әсер етеді.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Бүгінде мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін нығайту және адалдық қағидаттарын ілгерілету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау, мониторинг жүргізу, түсіндіру және ағарту жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың І тоқсанында ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен 60-тан астам іс-шара өткізілді.

Адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту – тиімді мемлекеттік басқарудың және қоғам сенімінің негізі.