МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДІЛ ӨСУ ЖОЛЫ

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде ашықтық пен әділдік қағидаттарына ерекше мән берілуде. Соның бірі – меритократия қағидаты.Меритократия – қызметте жеке таныстықпен емес, білім, тәжірибе, кәсіби қабілет пен еңбектің нәтижесі арқылы өсу деген сөз.
Қызметкер өз жұмысын сапалы атқарып, жауапкершілік танытса, оның мансаптық өсуіне мүмкіндік беріледі. Бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді.
2026 жылы Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында бірінші тоқсан көрсеткіші бойынша 11 басшылық лауазымына 6 (54,5%) мемлекеттік қызметші меритократия қағидаты негізінде ішкі конкурс арқылы тағайындалды.
Ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінде 19 басшылық лауазымның 10-ы (53%)  осындай тәртіппен тағайындау жүзеге асырылды.
Әділ бағаланған еңбек – әрқашан нәтижелі. Ал білікті мамандардың өсуі – мемлекеттің дамуының кепілі.